Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәрбиеші болу – бақыт

Автор:   •  Октябрь 17, 2021  •  Эссе  •  741 Слов (3 Страниц)  •  450 Просмотры

Страница 1 из 3

«Тәрбиеші болу – бақыт»      

Эссе

Өмірімнің балалармен байланысты болатынын кішкентайымнан белгілі болатын-ды. Өзім көп балалы отбасыда дүниеге келдім. Бала кезімде үлкен ағаларымның балаларын қарайлай тұруға маған тапсыратын. Содан менің балаларға деген икемім үлкен әпкелерімнен көп екені көрінеді. 2 сыныптан бастап интернатта оқыдым. Сонда бізге ана орнына ана, әке орнына әке бола білген тәрбиешілерден балаларға деген мейірім мен жылулыққа толы көзқарастары мен бізге берген тәрбиелері менің осы мамандық жолына төсей берді. Кейін мектепке дайінгі тәрбие және оқыту мамандығына оқуға түстім. Оны бітіре тәрбиешілік жолын жас маман ретінде ауылда бастадым. Кейінірек КСРО құлдырауы жүріп, еңбек жолымды қалаға ауысып, сонда жалғастырдым. «Қыздың жолы жіңішке» демекші, тұрмыс құрып, өмір жолы мені тағы ауылға әкелді. Ауылда балабақша болмағаннан, уақыт өте бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын бітіріп, мектеп бастауыш сынып мұғалімі жолына ауыстым. Ол еңбек жолымда да қызықты сәттер мен тәжірибе жинадым. Дайындаған оқушыларым әр түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие болып, марапатталды. Кейін шағын орталық ашылып, осы бір ұзақ жолда өз тәрбиеші жолыма қайта келдім. Тәрбиеші болып жұмыс атқарып жүріп, осы мамандыққа етене кіре келе бұл мамандықтың менің жүрігіме жақын екендігіне сездім. Себебі мектептегі ұстаздық басқа, ал балабақшадағы тәрбиешілік мүлде басқа әлем екендігін сезе бастадым. Бүлдіршіндерді «Балалар қорғау күніндеріне»,  аудандық сайыстарға, «Қарттар күніне» орай әр түрлі сайыстарға қатыстырып жүлделі орындарға ие болдық. Балалар арасында қолөнершілікке баулу мақсатында «Шебер» шағын үйірме ашқызып, соның жетекшісі болдым. Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо  «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»деген нақыл сөзі осы мектеп жасына дейіңгі балаларға арналғандай. Осыдан мен армандап, жүрегімнің қалаған мамандығы – тәрбиеші мамандығы екендігіне көзім жетті. Балалармен жұмыс жасап, олардың бастар жолдарындағы нұсқаушы, жарқын өмірге алғаш бағыттаушы болуға және ең бастысы саналы тәрбие беру менікі екендігін білдім. Әрдайым балабақша ауласына жақындаған кезде балалардың сыңғырлай күлген дауыстарын естіп сөзбен жеткізе алмас қуанышқа бөленемін.

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы — әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан - тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Балалар — өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.

...

Скачать:   txt (10.4 Kb)   pdf (49.1 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club