Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өмірімдегі ұстаздарым – менің шынайы көшбасшым

Автор:   •  Январь 11, 2019  •  Статья  •  2,169 Слов (9 Страниц)  •  65 Просмотры

Страница 1 из 9

Өмірімдегі ұстаздарым – менің шынайы көшбасшым

«Екі нәрсе адамды дана қылады:

оқыған кітабы, кездескен адамдары »

Чарльз Джонс

            Жақында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық қырлары» тақырыбында өткен  курсқа облыстың әр жеріндегі  балабақшаларынан  25 әдіскер  қатысып, дәріс  алды.

          Жан – жақтан келген, бірін – бірі онша танымайтын тыңдармандарды курс мұғалімдері бірден баурап алды. Озық тәжірибелі, білікті де білгір ұстаздармен кездесіп, курстан ерекше әсер алып, мол тәжірибе жинадық. Әсіресе, Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаратылыстану – ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістері кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жанбибі Сенбайқызы Дүйсенбаеваның тарихи, аңыз – шежірелерге сүйеніп, ежелден келе жатқан салт – дәстүріміздің адам өмірінде, бала тәрбиесінде маңыздылығын айта келіп, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа қырларымен таныстыра отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру, үйлестіру жолдарын мысалдармен жеткізе білді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи педагогикалық технологиялар мен балалардың ерте даму әдістемесін енгізу, ата – аналармен  заман талабына сай қарым – қатынасының ерекшелігі, әдістемелік қызметтің тәжірибе алмасуы, құрылымдық ерекшелігі, оның жұмысын нәтижеге жеткізу туралы мол мағлұмат берді. Біз аудиторияда отырып дәріс алып қана қоймай, Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына,  Маңғыстау облысы тарихи өлкетану мұражайына барып, көп нәрсені көріп, көңілге қонымды әңгімелерді естіп, білімімізді толықтырғанымызға риза болдық.

         Облыстық кітапхананың мектепке дейінгі балалар бөлімінің меңгерушісі Т. Қуанбаева бізді жақсы көңіл – күймен қарсы алып, балалар ақындарының өмірі, кітаптары туралы ақпарат берді. Балалар бөлімі оқу залы кітапханашысы І. Сағызбаева жаңа инновациялық тәсілмен жасақталған кітаптар туралы мәлімет беріп, кітаптардың қыр – сырымен таныстырып, пайдалану жолдарын баяндады. Оқырманға кітап таныстыру бөлімінің қызметкері М.Ө. Балниязова балаларға арналған көркем әдебиеттерді көрсетіп, оларды кітап оқуға тарту үшін, педагогтер мен ата – аналар біріге, қанаттаса ат салысу қажет екенін айтты.

       «Заман ағымына сай ғаламтор желілері арқылы компьютерден кез келген адам керек нәрсесін жедел тауып алады. Дегенмен, біз рухани азықтан айырылып жүрген жоқпыз ба? Біздің сана сезімімізді улап жатқан не нәрсе? Балаларымыздың немен айналысып жүргенін білеміз бе?» деген сияқты сұрақтар төңірегінде ой салар әңгімелерді өрбіте келе, педагогтердің танымын, сыни тұрғыдан ойлауын, өмірмен байланыстыруын, сөздік қорын тексеру мақсатында алты әдіскерді тосыннан ортаға шақырып,  сурет бойынша әңгімелеп беруді өтінді. Әдіскерлер де  өздерінің шапшаңдықтарын көрсетіп, дамыту бағытындағы тиімді әрекетке өз көз қарастары мен  ойларын, сурет мазмұнына сай әңгімелеп, педагогикалық шеберліктерін де таныта білді. Олар кітапхана басшысылары марапаттау рәсімін жасады.

      «Құрмет» медалінің иегері, «Өрлеу» БАҰО Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  кафедрасының тренері А. Қ. Жұмабаева тәжірибе алмасу мақсатында әдіскерлерді Ақтау қаласындағы үздік балабақшаларды аралатып, мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік құжаттарды қолдану тәсілдерін, бағыттарын тереңінен үйренуімізге жағдай жасады. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі әдіскер жұмысының тиімділігі кең көлемде зерттеліп, бала бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашуда, олардың өнегелі болып тәрбиеленуінде балабақша ошағының және жаңа әдіс – тәсілді көздеп отырған әдіскер жұмысының маңызы зор екені айтылып, әр әдіскердің ойы, жеке пікірі  ортаға салынып, жақсы әсер алдық.

...

Скачать:   txt (27.2 Kb)   pdf (117.8 Kb)   docx (18.7 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club