Құрбан айт
Автор: Бота Байқонысова • Декабрь 8, 2020 • Реферат • 292 Слов (2 Страниц) • 475 Просмотры
Елімізде Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң «Құрбан айт» мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» аталуының себебі - осы айтта құрбандық шалынады. Ораза айттағыдай, құрбан айттың алғашқы күні ер адамдар мешітке жиналып, айт намазын оқиды. Құрбан айттың негізгі мақсаты – өмірден өткен жақындар мен туыстарын еске алу, соларға құран оқытып, құрбан шалу. Алғашқы күні жұрт мешітке жиналып,айт намазын оқығаннан кейін құрбандыққа мал сояды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе тіпті тауық та шала береді. Құрбандыққа шалынатын малды мұсылман адам бауыздауы міндетті. Нашар, ауру малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандыққа шалынып отырған малды соймастан бұрын молда құран оқиды. Бауыздаушы адам шын көңілімен
«Бисмиллаһир рахманир рахим» деп малдың басын құбылаға қаратып, сол жақ қабырғасымен жатқызып барып сояды. Құрбандыққа шалынған малдың еті жағдайы нашар адамдарға, бір бөлігі туысқандарға, жақын жолдастары мен көршілерге дәм татқызуға тұтас асылады.
Мұсылмандық иман-шарттарынан оқығаным бар еді. Бұрынғы заманда құрбандыққа адам шалынған екен, мұндай сорақы әрекет қазіргі мұсылман елдерінің бірқатарында болған екен. Осы дәстүрге Алла тарапынан бірнеше рет келіспеушілік танытқан хабар келген. Бірде бұл дәстүрге сай Ибраһим пайғамбардың жалғыз ұлы Исмаилды құрбандыққа шалмақ болғанда, «мал сойылсын» деген хабармен бірге жеті қат көктен қошқар жіберіліпті. Сөйтіп, Ибраһим пайғамбар құрбандыққа сол қошқарды шалыпты. Міне, сол кезден бастап құрбандыққа мал шалу – үлкен міндеттердің бірі болыпты.
Осы уақытқа дейін өз көзіммен көріп келе жатқанымды айтсам,қазақ халқы Құрбан айтта таңертеңнен
...