Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қайта құру нұсқасы кезіндегі экономикалық негіздемелер

Автор:   •  Ноябрь 26, 2018  •  Курсовая работа  •  4,243 Слов (17 Страниц)  •  973 Просмотры

Страница 1 из 17

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                     3

1 Тұрғын ғимараттарды қайта қалпына келтіру                                                 4

1.1 Қайта құрудың экономикалық артықшылықтары                                        5

1.2 Ғимарат конструкцияларын жөндеудің негізгі түрлері                               9

1.3 Қайта құрудың жобалық- технологиялық құжаттамасы                           11

2  Жұмыстарды жүргізу жобасының мазмұны                                                 13

3  Қайта құру нұсқасы кезіндегі экономикалық негіздемелер                        15

Қорытынды                                                                                                          18

Пайдаланылған әдебиеттер                                                                                19

[pic 1]

Кіріспе

Қайта құруды орындаудың мақсатқа лайықтығы көптеген факторлармен анықталады: қала құрылысы мәселелері, нысанның сәулеттік-тарихи маңыздылығы, сәулеттік-жоспарлау және ұйымдастырушылық-техникалық шешімдер, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер, қалалық көлік құралдары мен коммуникациялардан алшақтық, инфрақұрылымның болуы және т.с.с. Әрбір қайта құру нысаны жеке-дара болып келеді, оның өзіндік пайдаланушылық көрсеткіштері, физикалық және моральдік тозуы болады. Сондықтан нысанда қайта құруды бастамас бұрын, ғимарат конструкцияларының нақты күйін техникалық тұрғыдан зерттеу деректерінің негізінде ұйымдастырушылық-техникалық дайындықты мұқият жүргізу қажет. Нақты ғимаратты қайта құру кезіндегі құрылымдық-технологиялық шешімдердің тиімділігі қайта құру жұмыстарының технологиясына әсер ететін негізгі көрсеткіштер мен қосымша факторларды салыстырмалы талдау негізінде бағаланады: еңбек сыйымдылығы, жұмыстардың ұзақтылығы, жұмыстардың құны, материалдық және еңбек ресурстарының шығыны, негізгі еңбекақы шығыны, маши- налар мен механизмдерді пайдалану уақыты, қосымша шығындар бойынша шығыстар және басқа жа экономикалық, ұйымдасты- рушылық-технологиялық және әлеуметтік факторлар.

[pic 2]

1 Тұрғын ғимараттарды қайта қалпына келтіру

Ғимаратты қайта құру – ғимараттың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін (пәтерлердің саны мен аудандарын, ғимараттың құрылыс көлемі мен жалпы ауданын, сыйымдылығы мен өткізу қабілеттілігін) немесе оның арналуын өзгертумен байланысты болатын әрі өмір сүру жағдайларын жақсарту, қызмет көрсету сапасын арттыру, қызметтер тізбесін ұлғайту мақсатында жүзеге асырылатын құрылыс жұмыстарының және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың кешені. Сонымен бірге, қайта құру ғимараттардың не құрылыстардың жекелеген бөліктерін бұзып, жаңаларын салуды көздейді.

[pic 3]

1 сурет – Ғимаратты қайта құру көрінісі

Қайта жаңарту – тұрғын үй қорын ішінара немесе толықтай бұзып тастап, босаған аумақта күрделі тұрғын үй құрылысын жүргізу арқылы тұрғын үй қорын (ғимаратты) жаңарту. Қайта жаңарту барлық жөндеу түрлерін, және ұйымдастырушылық-техникалық қайта құруды және жаңғыртуды қамтиды.

Ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру – нысанның, тарихи  және  сәулеттік-бағалы  ғимараттар  мен  құрылыстардың бастапқы келбетін қалпына келтірумен байланысты арнайы жұмыстар кешені. Бұл жұмыстар көп еңбекті талап етеді әрі аса жауапты болып келеді: оларды орындау үшін жоғары білікті мамандар қажет.

Ғимараттар мен құрылыстарды қайта құрудың негізгі түрлері мен әдістері

Ғимараттарды қайта құру олардың арналуын, ішкі не сыртқы түрін өзгертумен байланысты қайта құруды қарастырады. Ғимаратты қайта құру кезінде күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар, жаңа құрылыс жұмыстары да жүргізіледі. Сонымен бірге, күрделі жөндеу және қайта құру кезінде бір типтес жұмыстар орындалуы мүмкін, мысалы, жекелеген салмақ түсетін конструкцияларды ауыстыру (жабын ауыстыру, бағаналарды алмастыру). Алайда қандай да бір жұмыстарды дұрыс жіктеген жөн: ғимаратты күрделі жөндеу не болмаса қайта құру. Ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру кезінде құрылыс үдерісін ұйымдастырудың жаңа құрылыс кезіндегі жұмыстарды ұйымдастырумен салыстырғанда, бірқатар ерекшеліктері болады:

...

Скачать:   txt (59.4 Kb)   pdf (278.8 Kb)   docx (117.6 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club