Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі

Автор:   •  Июнь 3, 2018  •  Реферат  •  816 Слов (4 Страниц)  •  1,288 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстан Республикасының білім беру министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

Педагогика кафедрасы

Қыз тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі

Жетекші: Ш.З.Шавалиева

                                                                             Ұйымдастырушы: ӘПжӨ-31

2017 жыл

                   Тақырыбы: Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі

Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың 
бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында 
қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен 
жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы,
адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

Жоспары:

І. Кіріспе сөз
ІІ. Студенттер көзқарасы
ІІІ. Пікірлер алмасу
ІҮ. Қорытындылау 

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар,студенттер бүгінгі «Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі» атты пікір талас алаңына қош келдіңіздер!
Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ. Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі-адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді.

          2-жүргізуші: Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.

            Бүгінгі пікірталастың қонағы Педагогика және спорт факультет декан орынбасары  Ж.Ж.Сергазинага сөз беріледі.

  1. жүргізушіҚыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды.Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы ата-ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, балдырлаған сәби кезеңмен,жасөспірімдік шақ,бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады екен. 
    Сондықтан рұқсат етсеңіздер бәріміз бірге  «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»  атты видеоны тамашаласақ;(2,5мин)

           Мақсаты: Қыз баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту;   

Ал енді видеоны тамашалап болсақ, сіздерге осы видеоға байланысты сұрақтар қойсақ деп едік; Студенттерге сұрақ қою(5-10мин)

1.Қызды қырық үйден тыю дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Рухани тәрбие дегеніміз не?

3.Қоғамдық орындарда қыздардың өзін-өзі ұстауы?

              Құрметті студенттер біз сіздермен тренинг өткіземіз

Тренинг мақсаты: студенттермен танысу, жағымды әсер қалдыру үшін қолданылады;(10-15мин)

Тренинг менің есімім атты жаттығу. Шарттарымен таныстырып өтсек; «Менің есімім» атты жаттығу. Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сыпайы, Әсел әлем т.б.

  1-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайрандаған.Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,- дегендей, қазақтың қызы-қазақтың ұлттық айнасы.
          2 - жүргізуші : Қыз өсіру,гүл өсірумен бірдей! Гүлге де әлсін-әлсін су құйып,ауа жеткізіп, айналасын арамшөптерден тазалап отырады ғой. Қыз да сондай.

...

Скачать:   txt (9.5 Kb)   pdf (113.3 Kb)   docx (14.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club