Қос жарнақтылар класы. Ерінгүлділер немесе Ламиидтер класс тармағы. Астеридтер класс тармағы
Автор: Айгерим Анарбекова • Ноябрь 13, 2021 • Контрольная работа • 2,375 Слов (10 Страниц) • 340 Просмотры
13 - Тақырып. Қос жарнақтылар класы. Ерінгүлділер немесе Ламиидтер класс тармағы. Астеридтер класс тармағы. Гамамелидтер класс тармағы.
Дәріс мақсаты: Қос жарнақтылар класына жататын Ламиидтер, Астеридтер, Гамамелидтер клас тармақтарының классификациясымен, негізгі өкілдерімен, олардың табиғатта таралумен және маңызымен таныстыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
- Ерінгүлділер немесе Ламиидтер клас тармағы.
1.1Ерінгүлділер, түтік гүлділер, өкілдерінің гүлдерінің ерекшеліктері.
- Астеридтер клас тармағы.
2.1 Күрделі гүлділер тұқымдасы, өкілдерінің гүлдерінің ерекшеліктері.
- Гамамелидтер клас тармағы.
3.1Шамшат гүлділер қатары, шамшат тұқымдасы.
3.2Тал гүлділер қатары. Тал тұқымдасы. Таралу ерекшеліктері мен өкілдері, маңызы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Ерін гүлділер немесе Ламиидтер класс тармағы (Lamiidae). Жоғары маманданған ағаштар, бұталар, жартылай бұталар мен жай, көбіне супротивті жапырақты бөбе жапырақсыз шөптесін өсімдіктер. Гүлдері күлтелерінің кірігуімен түтіктігүл жасау бағытына жүрген. Гүлдерінің эволюциясы насекомдармен тозаңдануға бейімделіге, актиноморфты гүлдерінің тез зигоморфтыға (қосерінді) ауысуына жүрген. Аналығы екі жемісжапрақшадан, түйіні жоғарғы. Ламиидтер – 52 тұқымдасты біріктіретін ірі класс тармағы болып табылады. Шығу тегі жағынан археялық раушандармен байланысты.
Алқа тұқымдасы (Solanaceae)
Шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта (кейде өрмелегіш), ал тропикада кішігірім ағаш. Алқалардың жапырақтары жай, бүтін немесе тілімделген, бөбе жапырағы жоқ, негізінен кезекші. Гүлшоғыры цимозды, көптеген жағдайда бұйрагүл. Гүлдері дұрыс немесе зигоморфты. Тостағаншасы, күлтесі және аталығы 5 мүшелі. Аталықтары күлтежапырақшаның арасында орналасады. Гинецей 2 жемісжапырақшадан тұрады. Жоғарғы түйін, 2 ұялы, кейде қосарлы 4-5 ұялы, әрбір ұяда бірнеше тұқымбүр орналасқан. Бағаны1-еу, жай, 2 бөлікті аналық ауызынан тұрады. Жемісі - жидек, қорапша.
Алқа тұқымдасы шамамен 2300 түрді біріктіреді. Әлемнің тропикалық облыстарында және Орталық, Оңтүстік Америкада тараған. Алқалылардың құрамыда алкалоидтар болғандықтан, олардың көбі улы өсімдіктер.
Алқа туысы (Solanum). Біздің елімізде жабайы түрде қара алқа(Solanum nigrum) кездеседі. Бір жылдық ақ гүлді және қара жидекті өсімдік, сладко-горький паслен (Solanum dulkamara) - жартылай бұта , жемісі қар көк, қызыыл түсті және әртүрлі. Олардың барлығының ешқандай да практикалық маңызы жоқ, бірақта қара алқаның жемісін жеуге болады деп есептейді. Ауылшаруашылығында өте маңызды орын алатын Solanum туысының өкілі картофель, бұл өте үлкен түр( 150 түрді біріктіреді.).Олардың барлығы да жерасты түрі өзгерген (сабақ) өркен. Столоны немесе түйін, Solanum туысының көптеген түрлері оңтүстік және орталық Америкаға, сонымен қатар оңтүстік АҚШ-қа тараған. Картофельдің Отаны оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалаулары мен Анд системасымен байланысты. Қазіргі мәдени картофельдің отаны болып – Чили саналады. Картофельдің бағалануы түйінінің құрамындағы өте көп мөлшердегі крахмалға ьайланысты. Одан басқа да адам организмінде қажетті, құрамында жоғары мөлшерде амин қышқылы бар белокқа бай. Сонымен қатар түйінінде витаминдер байқалады.
Адам организміне зиянды, өсіп келе жатқан өскінінде, жемісінде және жасылдау түйінінде глюкоалкалоид соланин болады. Сондықтан оны тамаққа пайдалануға болмайды. Кәдімгі картофельдің түйінінде соланиннің болуы аз мөлшерде, сондықтан пісірген кезде жойылып кетеді. 2000 түрлі мәдени сорттары: тамақтық, азықтық, техникалық түрлері шығарылды. 200 шақты әртүрлі тағамдар әзірленеді. Картопты өндірістік өңдеу барысында крахмал, декстрин, спирт және синтетикалық каучук алынады. Картофельді түйіннен өсіреді. Совет ғалымдары Н.ИВавилов, С.М.Букасов, С.В.Юзепчуктің еңбектері оңтүстік Америкада өсетін көптеген жабайы түрлерінен селекция арқылы суыққа төзімді, фитофторға төзімді және ракқа төзімді. Жақсы тамақтық дәмі бар картофель сорттарын шығаруға мүмкіндік береді.
...