Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қосымша білім беру бағдарламалары - оқытудың бейіндік саралау құралы

Автор:   •  Февраль 17, 2018  •  Реферат  •  1,361 Слов (6 Страниц)  •  1,489 Просмотры

Страница 1 из 6

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Алматы Технологиялық университеті

Инжиниринг және Ақпараттық технологиялар факультеті

[pic 1]

      СОӨЖ

       Тақырыбы: Қосымша білім беру бағдарламалары - оқытудың бейіндік саралау құралы.

                                       

                                                            Орындаған: Есмұрат Ұ.

                                                             Тобы: ПО-15-11

                                                            Қабылдаған: Қасымжанова Ф.М.

                                 

                                        Алматы, 2018

                                Жоспар:

  I  Кіріспе  

 II  Негізгі бөлім

     Қосымша білім беру ұйымының негізгі бағыттары.

     Қосымша білім беру педагогі

III  Қорытынды

      Кәсіби бағдарлау – бұл тұлғалық ерекшеліктерді есепке ала отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы еңбек нарығында мектеп оқушыларына кәсіби өзін өзі анықтауына және жұмысқа орналасуына көмек көрсетуге бағытталған ғылыми негізделген іс- шаралар жүйесі. Балаларға қосымша білім беру – көпқырлы тұлға тәрбиелеудегі, оның біліміндегі, ерте кәсіби бағдарлануындағы маңызды бөлім. Балаларға қосымша білім беру саласы алуан түрлі, түрлі бағдарланған, көп вариативті. Балаларға қосымша білім берудің құндылығы жалпы білім берудің вариативті құрамдас бөлігін күшейтеді және балаларға кәсіби өзін өзі анықтауына көмектеседі, базалық құрамда алынған білімдерін, күштерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Балаларға қосымша білім беру балалық шағын толыққанды өткізу үшін балаға жағдай жасайды. Егер бала әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешіп, өзін өзі жүзеге асырып, тіпті қызметтің кәсіби өрісіне шығып, толыққанды өмір сүрсе, онда оның есейген шағында қатесіз таңдау жасауына, үлкен нәтижелерге жетуіне көптеген мүмкіндігі болады. Балаларға қосымша білім берудің негізгі мазмұны – тәжірибеге бағдарланған қызмет: мұнда бала іздеу жағдайында өзі әрекет етеді, мәдени ескерткіштермен, табиғатпен, еңбек нысандарымен және т.б. өзара әрекеттен білім алады; балаға қоршаған ортадан өзі білім алуы керек кезінде жағдайлар жасалады. Балаларға қосымша білім беру – бірыңғай шығармашылық жағдайы, себебі балаға өз жолын табуға түрткі болады. Бала қосымша білім беру саласында өмірдің ең маңызды мәнін ұғынады – өмірдің мағынасын және болу мүмкіндігін іздейді. Және де әрбір жаңа балаларға қосымша білім беру ұйымдарының ашылуы балалардың амандығы кеңістігін ұлғайтады. Қазіргі заманның балаларына енді бала тұлғасының қалыптасуына мектеп монополиясы жайлы түсініктер өзгергенін түсіндірудің қажеттігі жоқ; балаларға қосымша білім беру ұйымдарының беделі өсуде, олардың білім алу әлеуеті кеңеюде; «ыңғайсыз» (қалыпсыз) 9 балалар өздеріне жаңа орындар табуда. Жеке тұлғаға бағдарлау негізінде қосымша білім беру ұйымдарында балаларды кәсіби бағдарлаудың табыстылығы келесі педагогикалық шарттар арқылы қамтамасыз етіледі: Табиғи және мәдени сәйкестілік, пәнаралық байланыстар, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар қағидаттарын есепке алу және жүзеге асыру. Белгіленген шарттарды сақтау тәрбиеленушілерге жеке қорларын дамыту мен қалыптасуда, табуда көмек көрсететін, олардың табысты кәсіби өзін өзі анықтауын қамтамасыз ететін; келешектегі кәсіпті саналы түрде таңдауға дайындығын дамыту үшін нақты тұлғаның, елдің, өңірдің сыртқы мәдени жағдайларын; тәрбиеленушілердің жыныстық және жас ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін жүзеге асыру мен есепке алу жолымен кәсіби бағдарлаудың табыстылығын қамтамасыз етеді. Оқушыларды кәсіби бағдарлау жұмысы қосымша білім беру ұйымы жағдайында ақпараттық-ағарту, диагностикалық, кеңес беру және оқыту бағыттары бойынша жүргізіледі. Қосымша білім беру ұйымы қызметіндегі балаларды кәсіби бағдарлау саласындағы негізгі бағыттар: мамандықтар нарығының маңызы және келешегімен танысу; кәсіби біліктіктің өсуінің мүмкіндігі, адамға ұсынылатын кәсіби талаптар, оларды игеру нысандары және жағдайлары; экономиканың білікті кадрларға мұқтаждығын, еңбек нарығындағы жағдайлар туралы балаларды ақпараттандыру, кәсібиграфикалық материалдар тарату; заманауи өндіріс түрлерімен танысу; балаларды кәсіптік бағдарлау, оларда кәсіпке деген қызығушылығын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу; кәсіптік, өндірістік және әлеуметтік бейімделу бойынша шаралар іске асыру болып табылады. Қосымша білім беру педагогі –әр түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларын тікелей жүзеге асырушы ең маңызды мамандардың бірі. Ол оқушылардың қабілеттері мен дарындарын, оның ішінде көркемөнер, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану және т.б. әрекеттерін дамытумен шұғылданады. Ол шығармашылық бірлестіктер құрамын жинақтайды, оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруға, оқушылар контингентін сақтауға көмектеседі, тиянақты нысандар, әдістер, әрекет мазмұнын таңдауды қамтамасыз ете отырып, балалармен нақты шығармашылық бірлестікте тікелей оқыту әрекеттерін жүргізеді. Авторлық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, олардың сапалы іске асырылуына жауапты болады. Қосымша білім беру педагогы балалардың алуан-түрлі шығармашылық әрекеттерін дамыту маманы болып табылады. Ол өз қызметі шеңберінде білім алушылардың шығармашылық ерекшеліктерін анықтайды, оларды дамытуға көмектеседі, дарынды және талантты баллаларды қолдайды, ата-аналарға кеңестік көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта қосымша білім беру педагогінің кәсіби бағдарлау жұмысының жүйесіне келесі бағыттар бойынша қызметтер енгізіледі. 
Инновациялық мектептердің басты артықшылықтарының бірі – оның оқу жоспарының оқушылардың қабілеттері мен бейімдеріне, сұраныстары мен қызығушылықтарына қарай сараланған білім беруге жан-жақты мүмкіндік беруінде. Міне, осы артықшылық негізінде еліміздің инновациялық мектептері оқытуды бейіндік саралауды іске асыра алып отыр. Бұл жерде оқытуды бейіндік саралаудың негізгі құралы – қосымша білім бағдарламалары болып табылады. Қосымша білім беру бағдарламалары азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білімге және мәдениетке деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында іске асырылады. Қосымша білім беру бағдарламаларына тиісті мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарынан тыс жалпы білім беру және кәсіби даярлық жүргізетін бірім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында, жеке педагогикалық қызмет арқылы іске асырылатын әртүрлі бағыттағы білім беру бағдарламалары жатады.
2002 жылы бекітілген Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жапыға міндетті стандартында «қосымша білім беру бағдарламасы» аясында оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескеріп құрылған факультативтік, таңдау курстары және жеке бағдарламалар арқылы жүзеге асырылатын, оқу пәндері бойынша мемлекеттік стандарттардан тыс білім мазмұнын анықтайтын білім беру бағдарламалары көрсетіледі. 
Қазақстан мектептері 1990-2005 жылдар арасында оқу процесін бірнеше оқу жоспарлары және білім берудің мемлекеттік стандарттарына негіздеп жүргізді (1990 жылғы 20 сәуірде қабылданған 1990 – 1993 жылдарға арналған оқу жоспарлары, «Жалпы білім беретін күндізгі оқу орындарының 1994/95-1997/98 оқу жылдарына арналған базистік оқу жоспары және оқу жоспарының нұсқалары», 2.003 – 2002 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты), Гимназиялар мен лицейлер де өздерінің білім мазмұнын осы құжаттар негізінде анықтады.
Өзгеріске түскен оқу жоспарлары инновациялық мектептердің өздерінің мақсат-міндеттеріне сай білім мазмұнын іріктеуге және жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Сөзімізді дәлелдей түсу үшін әр жылдардағы жоғары сатының оқу жоспарларының бөліктеріне салыстырмалы талдау жасадық. Қорыта айтқанда, Қазақстанның инновациялық мектептеріндегі соңғы он бес жыл көлемінде жинақталған оқытуды бейіндік саралау тәжірибесі жан-жақты қарастырылып, қолданылуы керек.
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың барысында осындай тәжірибенің жинақталғанын, оны бейімдеп, жүре түзетіп пайдалану мүмкіндігін қарастырдық. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер оның мақсаты мен міндеттерінің орындалғанын, сондықтан қойылған проблеманың шешімін тапқанын көрсетеді. Дегенмен, мәселені оның басқа аспектілері тұрғысынан, мәселен, бейіндерді құру технологиясын жасау, оқу жоспарының вариативті бөлігін қамсыздандырудың теориялық-әдіснамалық шарттары, бейіндік оқытуды мониторингілеу, 12 жылдық жағдайында бейіндік оқытуды іске асыру, т.б.  жан-жақты, толық зерттеу болашақтың ісі болып табылады.

...

Скачать:   txt (15.6 Kb)   pdf (156.7 Kb)   docx (39.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club