Қазақ тілі мен әдебиетін жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқыту ерекшеліктері
Автор: asyl.kakimova03 • Декабрь 5, 2022 • Реферат • 3,357 Слов (14 Страниц) • 429 Просмотры
№13-дәріс. Қазақ тілі мен әдебиетін жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқыту ерекшеліктері
Жаңартылған білім мазмұнына қойылатын талаптар, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Қазіргі заман талаптарына сәйкес бүгінгі мектеп «білімді тұлғадан», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлға дайындаумен бірге, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындауы тиіс. Бұл мектепте білім берудің жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» аясында өрістеуі тиіс. Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының негізгі көздейтін түпкі нәтижесі. Оған қол жеткізу үшін білім берудің жаңа парадигмасына сай білім мазмұны төмендегіге сай болу керек.
● Әлем стандартына сай білім беру;
● бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
● табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;
● жаңартылған әлем азаматын тәрбиелеу;
● тәжірибелік дағдыларды дамыту;
● функционалдық сауаттылықты арттыру;
● мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Білім мазмұнының негізгі білім беру нәтижесін іске асыру жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Білім нәтижесіне сай жаңартылған білім беру мазмұнының басты 8 ерекшелігі мыналар:
- Пән мазмұнының спиральды берілуі.
- Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы.
- Ортақ тақырыптардың меңгерілуі.
- Оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларға құрылуы.
- Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру.
- Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеру.
- Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аудару.
- Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным, яғни оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы [52].
Жаңартылған білім мазмұнының аталған ерекшеліктерінің мәнін ашу үшін жеке-жеке тоқалған жөн.
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасының бірінші ерекшелігі - пән мазмұнының спиральды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джер Брунердің 1960 жылы шыққан «Білім беру үдерісі» атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің еңбегіне негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- білімалушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
Яғни, әр сынып сайын білімалушылар бір-бірімен байланысты тақырыптарды және оқу мақсаттарын қарастырады. Сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқу мақсаты да сәйкесінше күрделене түседі, бірақ алдыңғы сыныптағы білімге негізделе отыра, жаңа күрделенген оқу мақсаттары қарастырылады.
...