Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан мұғалімдерінің көшбасшылығы

Автор:   •  Ноябрь 12, 2025  •  Эссе  •  756 Слов (4 Страниц)  •  36 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Эссе авторы: Мейырханқызы Елдана, 7М01103 (IP) – Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық

Тексеруші: Др. Аюбаева Н.А., қауымдастырылған профессор

Эссе тақырыбы: «Қазақстан мұғалімдерінің көшбасшылығы» Гүлмира Қанай, Давид Фрост, Гүлбадан Закаева, Сәуле Қаликова. Мектеп директорларының мұғалімдер лидерлігін дамытудағы рөлі - Вэл Хилл, Трейси Гайтери, Дэвид Фрост

Мен рефлексиялық эссемді Гүлмира Қанай, Давид Фрост, Гүлбадан Закаева, Сәуле Қаликованың авторлығымен жазылған «Лидерство учителей Казахстана» ( Канай, Фрост, Закаева, & Каликова, 2023) еңбегіндегі Вэл Хилл, Трейси Гайтери, Дэвид Фросттің «Мектеп директорларының мұғалімдер лидерлігін дамытудағы рөлі» ( Канай, Фрост, Закаева, & Каликова, 2023) тақырбындағы мақаланы таңдадым.

Бұл мақаланы таңдағанымның бірнеше себебі бар. Біріншіден, ол Қазақстандағы білім беру саласының маңызды мәселелерін – мұғалімдер көшбасшылығын дамыту және мектеп мәдениетін қалыптастыруды қарастырады. Бұл мені қызықтыратын тақырып, себебі мектептегі көшбасшылық тек басқарушылық міндет емес, ол мектептің барлық мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал етеді.

Екіншіден, мақалада Қазақстан мен Ұлыбританияның білім беру жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары қарастырылады. Бұл салыстыру менің жеке қызығушылығымды арттырды, себебі әртүрлі мәдени контекстерде қолданылатын көшбасшылық тәсілдерді зерттеу болашақ реформалар үшін маңызды.

Кіріспе

Қазақстандағы мектептерде мұғалімдердің көшбасшылық әлеуетін дамыту мәселесі білім беру реформалары аясында өзекті болып отыр. Ұстаздар мектептің басты қозғаушы күші болғанымен, олардың бастамалары мен кәсіби даму мүмкіндіктерін қолдайтын орта барлық мектептерде бірдей қалыптаспаған. Бұл тұрғыда мектеп директорының рөлі ерекше маңызды. Ол тек әкімшілік басшы ғана емес, сонымен қатар мектеп мәдениетін қалыптастырып, ұжымға кәсіби бағыт беретін көшбасшы.

Мен үшін бұл тақырып өте маңызды, себебі кез келген білім беру реформасы ең алдымен мұғалімдер арқылы жүзеге асады. Бірақ мұғалімдер өз идеяларын жүзеге асыра алуы үшін оларға еркіндік, қолдау және қажетті ресурстар қажет. Ұлыбританияда мектеп директорлары мұғалімдердің көшбасшылығын дамытуда жоғары деңгейде автономияға ие. Ал Қазақстанда, Г. Канай және оның әріптестерінің еңбегінде көрсетілгендей, директорлардың шешім қабылдаудағы мүмкіндіктері шектеулі, бұл мұғалімдердің кәсіби бастамаларын іске асыруға әсер етеді ( Канай, Фрост, Закаева, & Каликова, 2023).

Эссе жазу барысында  өзіме қызықты сұраққа жауап іздеймін. Бұл сұрақ директорлар мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттерін қалай дамыта алады және бұл мектептің жалпы мәдениетіне қалай ықпал етеді?

Әдебиеттерге шолу

Менің ойымша, мектептегі көшбасшылықтың табыстылығы көбінесе директордың қандай стратегия қолданатынына байланысты. Гүлмира Қанай, Давид Фрост, Гүлбадан Закаева, Сәуле Қаликованың авторлығымен жазылған «Лидерство учителей Казахстана» ( Канай, Фрост, Закаева, & Каликова, 2023)  бастамасында директордың мұғалімдерге қолдау көрсету және кәсіби орта қалыптастыру рөлін ерекше атап өтеді. Бұл менімен толық келісетін тұжырым, себебі мұғалімдердің ынтасы мен шығармашылығы көбінесе олар сезінетін қолдауға тәуелді.

Ұлыбританияның тәжірибесі де бұл тұрғыда маңызды. Дэвид Фросттың (Frost, 2017) зерттеулерінде көрсетілгендей, мектептерде ұжымдық көшбасшылық қалыптастыру арқылы мұғалімдер белсенді түрде кәсіби өзгерістерге қатысады. Бұл идея Қазақстандағы ЛУК бастамасымен ұқсас, бірақ Қазақстанда директорлар көбіне әкімшілік міндеттермен шектеліп, ұжымдық мәдениетті дамытуға аз уақыт бөледі. Менің ойымша, бұл проблема директорлардың кәсіби дамуының шектелуімен де байланысты.

Рефлексия және методология

Мектеп директорлары мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттерін қалай дамыта алады? Менің ойымша, бұл ең алдымен мектептегі кәсіби мәдениетті қалыптастырумен байланысты. Өзімнің оқыған материалдарым негізінде мен ЛУК бастамасынан бірқатар маңызды тәжірибелерді байқадым. Мысалы, семинарларда директорлар мұғалімдерді ашық пікірталасқа тарту арқылы олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытқан ( Канай, Фрост, Закаева, & Каликова, 2023). Бұл мектептегі әріптестік мәдениетінің маңыздылығын дәлелдейді. Директорлар мұғалімдерді ашық пікірталасқа тарту арқылы олардың көшбасшылық қасиеттерін дамыта алады. Мұғалімдер өз бастамаларын жүзеге асыру мүмкіндігін сезінген кезде олардың ынтасы артып, оқу процесіне жаңашыл көзқараспен қарайды.

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (131.5 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club