Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бақылауды ұйымдастыру туралы мәлімет

Автор:   •  Июнь 16, 2019  •  Доклад  •  563 Слов (3 Страниц)  •  65 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бақылауды ұйымдастыру туралы мәлімет.

Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОБ ОЖСБ) білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасын мониторингтеу түрлерінің бірі болып табылады.ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде өтеді. ОБ ОЖСБ жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын айқындайды. Орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ны жүргізу үшін тест тапсырмаларының мазмұны жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.

ОБ ОЖСБ қағаз тасымалдағышты қолдана отырып, жыл сайынғы уәкілетті орган айқындайтын пәндер бойынша жүргізіледі.

4-сыныптарда екі пәнге 1 сағат 10 минут (70 минут) уақыт беріледі.

9-сыныптарда үш пәнге 2 сағат 10 минут (130 минут) уақыт беріледі.

11-сыныпта үш пәнге 2 сағат 20 минут (140 минут) уақыт беріледі.

        ОБ ОЖСБ нәтижелерін өңдеу Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарында жүргізіледі. ОБ ОЖСБ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.

        Байқау сынағы – әдістемелік көмек көрсету, тестілеу технологиясынан хабардар ету, жауап парақтарын дұрыс толтыру, жалпы оқушыны тестілеуге дайындау мақсатында өткізілетін шара.        

Оқу әдістемелік құрал жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушының білімін тексеруге және функционалдық сауаттылығының қалыптасуын бағалауға бағытталған тест нұсқаларынан тұрады.

Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығы 9 сынып оқушыларына онлайн байқау сынағын өткізеді. Оқушы тестілеуді екі пәннен тапсырады:

1-пән қазақ тілі, 2-пән ұсынылған 11 пәннің ішінен таңдау бір пәні (дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, биология, география, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі).

Онлайн байқау сынағы тестілеуінің арқасында оқушы компьютерлік бағдарламалық құрылымның интерфейсімен таныса алады және жұмыс жасау қабілетін қалыптастырады. Онлайн байқау сынағының тиімді жағы, тестілеуден өткеннен кейін өтілген тестілеулердің талдау картасын көруге болады.

        Ендігі кезекте, ІТ мектеп лицейіндегі 4-сыныптардың ОЖСБ-ға дайындығы қандай деңгейде екеніне тоқталайын..

2018-2019 оқу жылында 4-сыныптардың үш параллелі бар. 4-сыныптарда пәндік оқыту жүйесі болғандықтан, ОЖСБ-ға дайындау процесі де тиімді өтуде. 4-сыныптың пән мұғалімдері ОЖСБ-ға дайындығымызды қараша айында бастадық.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (107 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club