Қазақстанда бағалануы
Автор: Kamilyabilyal • Октябрь 3, 2021 • Реферат • 838 Слов (4 Страниц) • 276 Просмотры
СӨЖ 2
Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз
Қазақстанда бағалануы
Қазақстан терреториясында орта ғасырлардан бері ғылым мен білім дамып келеді. Көптеген ғалымдар мен ойшылдардың, ақын мен жазушылардың еңбектері осы біздің жерімізде пайда болды. Қазақ даласының ғалымдары мен ойшылдарының шығармашылығы көне түркілік хаттың саяси, мемлекет құраушы белгіге ие болғандығының, оның дәстүрлері кейінгі ғасырларда кемелдікке жеткендігінің айқын дәлелі болып табылады. Тірі түркі тілінің сақталуы этностық өзіндік сананың өсуіне, әдеби, мәдени және теологиялық дәстүрлердің өркендеуіне ықпал етті. Араб және парсы тілдерімен қатар, түркі тілі үлкен мұсылман әлемінің әдеби тілі болды. Осыған дәлел орта ғасырларда өмір сүреген, көпке еңбектері сіңген ғалымдар мен ойшылдар. Соның бірден бірі «Шығыстың Аристотелі» атанған, қоғамның оң бағытта дамуына үлес қосқан Әбу Насыр әл Фараби. Фараби ислам өркениетінің көрнекті өкілі, Ислам философиясының негізін қалаушы - "екінші ұстаз" болды. Ол бұл құрметке өмір бойы лайық болды, өйткені Аристотельден кейін философия мен логика саласындағы бүкіл әлем оған тең келмеді. Атап айтқанда, ол «Бақытқа жету», «Поэзия өнері», «Ізгі қала тұрғындары» трактатары, «Философияның дінге қатынасы» еңбектеріне ие. Ортағасырлық ғылымның энциклопедиясына оның 10-12 ғасырларда грек және латын тілдеріне аударылған «Ғылымдардың жіктелуі туралы сөз» еңбегі берілген. Фарабидің ғылыми көзқарастары өз заманынан әлдеқайда озық. Әлемдік деңгейдегі ойшыл өз жұмысында грек, парсы, үнді, араб және түркі мәдениеттерінің жетістіктерін синтездеп, дамытты. Сонымен қатар халық арасында беделді және орны бөлек ойшыл бұл Қожа Ахмет Яссауи. Ахмет Яссауи-өз шығармаларын оғыз-қыпшақ диалектісінде жазған тұңғыш дарынды түркі ақыны. Оның бұл еңбегі «ДиуаниХикмет» рухани өлеңдер жинағы, яғни даналық сөздер жинағы деген атқа ие. Жинақтың құндылығы негізінен оған енген өлеңдердің халықтық формаларымен анықталады. Өлеңдерде исламның негізгі ережелері мен догмалары көрсетілген. Ақын аскетизмге, сыртқы әлемнен бас тартуға және шыдамдылыққа шақырады, бұл адамдарды әділеттілікке, адалдыққа, мейірімділікке жеткізеді деп сендіреді. Ахмет Яссауидің ақын ретіндегі басты еңбегі-фарси тілінің әдебиет пен қоғамдық өмірдегі үстемдігі кезінде ол туған түркі тіліне бет бұрды, оны әдеби өмірге енгізді.Тағы бір ойшылды еске алар болсақ бұл Жүсіп Баласағұн. Жүсіптің «Құтадғу Біліг» поэмасы әлемдік мәдениеттегі маңызды құбылыс. Ол түркі халықтарының мәдени мұрасындағы аса көрнекті әдеби ескерткіштердің бірі. Ойшылдың бұл энциклопедиялық жұмысы дидактикалық поэма ғана емес, сонымен қатар жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың көптеген мәселелерін зерттейтін жұмыс. Жүсіп Баласағұни ақын, ғалым, ойшыл және қоғам қайраткері болған. «Құтадғу біліг» жалпы философиялық, әлеуметтік, құқықтық, саяси, этикалық және эстетикалық мәселелерді дамытады.
Қазіргі таңда бұл ғалымдардың есімдері үлкен мақтанышпен айтылады. Олардың еңбектері осы біздің заманымызға жетіп, мән-мағынасын жоғалтпаған. Тәуелсіз Қазақстанда ұлы ғалымдарымыз бен ойшылдарымыздың еңбектері мектеп қабырғасында оқытылады. Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен басқа да білім ордалары осы ғалымдардың шығармашылығымен, өмірбаянымен танысып, білім алады.Олардың жазған шығармалары, зерттеген жұмыстары әр түрлі тілдеге аударылып, көптеген кітаптар мен газеттерге басылып шықты, яғни елімізде бұл ұлы адамдардың есімі ұмыт қалған жоқ.
...