Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шынықсаң-шымыр боласың

Автор:   •  Декабрь 16, 2021  •  Практическая работа  •  601 Слов (3 Страниц)  •  348 Просмотры

Страница 1 из 3

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: Эксперименттік жұмыс.

Күні: 03.11.2020ж

Білім беру саласы:Денсаулық.

Тобы: «Қызғалдақ»

Тақырыбы: « Шынықсаң-шымыр  боласың»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану, шынығудың, жеке бас гигиенасын сақтау жолдарына үйрету. Балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру, өзінің қимылдық тәжірибесін пайдалану; алғырлығын, шапшаңдығын, күштілігін, төзімділігін дамыту;  балалар арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасты арттыру.

Шаттық шеңбері.

Алақанды ашайық

Күн сәулесін шашайық

Таза ауада қол сермеп

Жүрекке жылу алайық

Осы жүрек жылуын

Қонақтарға сыйлайық.

Балалар топта ұйықтап отырғандай болады. Таңғы жаттығудың әні қосылып балалар оянып, таңғы жаттығуды орындайды.

-Сәлеметсіздер ме балалар!?

-Сәлеметсіз бе Айдана Байжанқызы, сәлеметсіздер ме қонақтар!?

 Балалар, мына суреттерге қараңыздаршы, сендер не көріп тұрсыңдар?

Балалар, суретпен жұмыс істейді, сөйлем құрастырады.

-Дұрыс айтасыздар балалар, денсаулығымыз шымыр болу үшін,тазалықты сақтап, гигиенаны дұрыс сақтанып, спортпен шынығу керек екен, және дұрыс тамақтану керек екен.

Балалар қараңыздаршы, мына суретте не көріп тұрсыздар?

Иә, дұрыс, қолды сабындап жуып жатыр екен. Егер біз гигиенаны дұрыс сақтасақ, біз ауырмайды екенбіз

Эксперимент жұмыс: «Су мен сабын біздің досымыз»

-Балалар, қараңыздаршы, мына таза су біздің қолымыз деп есептейікші. Ал енді біздің қолдарымыз кір болып қалды.(қара бұрышты су бетіне салу). Қараңыздаршы қолымыз кір болып қалды. Балалар саусақтарын суға салады.

-Ал енді қолымыздағы микробты, кірді кетіру үшін бізге не керек екен?

-Иә, дұрыс айтасыздар. Ол- сабын. Біз егер қолымызды мұқият сабындап жуатын болсақ, бізге микробтар жақындамайды.(Балалар осы эксперименттерді ата-аналарымен үйде жасауға ұсыныс беру.)

[pic 1]

[pic 2]

Сергіту сәті «Бала,бала,балапан»

Балалар сергіту жаттығуын музыкамен орындайды

«Орманға саяхат» спорттық ойын.

-Балалар, біз сіздермен қазір сиқырлы орманға саяхатқа барамыз. Орманның ауасы таза, ерекше болады. Біз орманда бірнеше кедергілерге тап боламыз. Ол кедергілерден біз тек менің жаттығуларымды дұрыс істесеңдер ғана өте аласыздар. Айтыңыздаршы, орманда қандай жануарлар өмір сүреді?

-Иә, дұрыс, жабайы жануарлар өмір сүреді.  Ал енді балалар, бізді қасқыр естіп қалмас үшін, біз тыныш ғана мына ойындарды ойнап алайық.

Балалар алдымен су көпірінен өтеді. Содан соң тастардан, содан соң үңгірден еңбектеп өту қажет. Бірнеше рет қайталанылады.

[pic 3]

[pic 4]

[pic 5]

-Жарайсыздар, балалар. Сіздер ормандағы кедергілерден жақсы өтіп және қасқырға да ұсталып қалмадыңыздар. Енді біз орманда жүгіреміз деп шаршап қалған сияқтымыз. Ол үшін дем алу керек екен.Ал мен сіздермен тыныс алу жаттығуын орындағым келіп тұр. Бұл жаттығу қызық жаттығу болғалы тұр.

Алдымен мына суретке қараңыздаршы, мұнда қай спорт түрі көрсетілген.?

-Иә, футбол. Енді біз сіздермен футболды  басқаша ойнап көрейік.Ал қалай ойнайтынын мен сендерге айтып берейін. Бұл ойынды екі командаға бөлініп, әр команданың қақпасын көбірек гол салу керек. Меніңде сіздермен осы ойынды ойнағым келіп тұр.

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (286.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club