Тәуелсіздік – біздің рухани құндылығымыз
Автор: Meirim Bersieva • Декабрь 19, 2021 • Эссе • 502 Слов (3 Страниц) • 488 Просмотры
«Тәуелсіздік – біздің рухани құндылығымыз»
Білім беру – адамды қалыптастыратын іргетас. Біздің елімізде әрбір азамат орта білім алуға құқылы. Қазіргі ақпараттық дамыған, жаһандану заманында адам білімсіз іскер, табысты адам бола алмайды. Кез келген салада дипломсыз кәсіби маман болу мүмкін емес, ал мектеп мамандық игерудің алғашқы қадамы болып табылады. Бірақ біз мектепте, колледжде, институтта, университетте мамандық игергеннен кейін де, нағыз білімді, өз ісінің шебері болу үшін үнемі дамып отыруымыз керек және тоқтап қалмауымыз керек.
Президент Қасымжомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында: «ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деп келтірді.
Білім беру жүйесі өркениетті қоғам құрудың маңызды факторы болғандықтан, елдің болашағы бүгінгі білім беру жүйесіне тікелей байланысты. Әлемнің барлық дамыған елдерінде мектеп біліміне көп көңіл бөлінуі кездейсоқ емес. Маған әлемнің жетекші экономикалары бар елдерде білім беру жүйесі қалай іске асырылып жатқаны қызықтырады. Менің ойымша, бізге Сингапурдың тәжірибесін алуға болады. Бұл елдің білім беру жүйесі тиімдірек жұмыс істейді және басқаларға қарағанда тезірек жетілу үстінде.
Бұл елдегі білім беру жүйесінің мақсаты - оқытушылар құрамын күшейту және табысты жобаларды көтермелеу. Бүгінгі таңда Сингапур мектептерінде университеттердің үздік түлектері жұмыс істейді, өйткені Сингапурда оқыту сапасы мұғалімдердің біліктілігіне тікелей байланысты екеніне сенімді.
Елімізде 30 жыл ішінде біліктілікті арттыру институттарында курстық дайындықпен, конференциялармен, семинарлармен, вебинарлармен және кәсіби дамудың басқа да нысандарымен 2 миллионнан астам қазақстандық педагог қамтылды.
2017 жылғы 31 қаңтарда Президенттің "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауы ұсынылды, онда ол елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құру міндетін қойды және үшінші жаңғырту мен білім беруді жаңғыртудың бес негізгі басымдықтарын айқындады.
Үшінші жаңғыртудың басты мақсаты еліміздің дамуының жаңа тарихи кезеңінде және мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде өсудің жаңа моделін құру болып табылады. Қазақстанды болашақ ұрпақ үшін өркендеген елге айналдыруымыз қажет. Бірінші және екінші жаңғырту барысында жинақталған баға жетпес тәжірибе, тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде құрылған әлеует орташа әлемдік деңгейден жоғары экономикалық өсу қарқынын және озық 30 елдің қатарына қарай орнықты ілгерілеуді қамтамасыз етуге арналған бес негізгі басымдықты іске асыру үшін жақсы негіз болады.
...