Тұқым сапасы бойынша әр түрлі өндірушілерді бағалау. Өндірушілер индекстері
Автор: 1630 • Февраль 6, 2023 • Контрольная работа • 451 Слов (2 Страниц) • 194 Просмотры
ЗТС №1Тақырыбы: Тұқым сапасы бойынша әр түрлі өндірушілерді бағалау. Өндірушілер индекстері (2-сағат).
Сабақтың мақсаты: Ауыл шаруашылығы малдарымен асылдандыру тәжірибесінде пайдаланылатын тұқым сапасы бойынша өндірушілерді бағалаудың негізгі әдістерін зерделеу.
Қысқаша түсініктеме. Малдың ата-тегі мен жанама туыстарының сапасы бойынша оның тек болжамды, ықтимал тұқымдық/тұқым қуалаушылық/ қасиетін /генотипін/ анықтайды. Малдың тұқымдық қасиетіне нақтылы бағаны тек одан алынған ұрпағының спапсына қарап қана беруге болады. Сондықтан, малға қорытынды , соңғы бағаны, осыған орай оның тағдыры туралы үзілді – келісілді шешімге мал ұрпағының сапасын анықтағаннан кейін ғанакелу керек. әдетте, аталық мал ұрпағының сапасы қажет деп есептелінеді. Мұның бірнеше себебі бар.Қай түлікті өсіруде болмасын, қолдан ұрықтандырудың кең таралуына байланысты бір еркек малдан тек бір жылда мыңдаған ұрпақ алудың қазіргі уақытта ешқандай қиындығы жоқ. Бұл аталық мал арқылы жалпы тұқымды жақсарту мүмкіншілігінің аналыққа қарағанда молдығын көрсетеді.Екіншіден,келесі ұрпақты алу үшін әр уақытта басында туған еркек малды түгелдей пайдалану қажеттілігі жоқтықтан, олар қатаң сұрыптаудан өтеді. Мысалы, қойды қолдан ұрықтырған жағдайда қошқар өсіру үшін туған еркек қозының бестен бірін ғана қалдырады.Үшіншіден, жылқы төлді және ұзақ, баяу өсеті түлектердің ұрғашыларына төлінің сапасына қарай нақтылы баға беруге/әр түрліаталықтан ең кемі 2 төл алу керек/ тым көп уақыт кетеді.Сонымен қатар, көпшілік түлектер бойынша келесі ұрпақ алуға қатысатын ұрғашы малдың тым көптігіне байланысты, олардың әр қайсысына төлінің сапасына қарап баға берудің мүмкіншілігі жоқтың қасы. Сонымен, аталық мал ұрпағының сапасы бойынша мұқият сұрыптап, одан мейлінше көп ұрпақ алу табынның өнімділігін арттырудың негізгі селекциялық жолы. Мал шаруашылығы тәжірибесінде тұқым малын ұрпағының сапасына қарай сұрыптауды ұйымдастырудың екі түрі қалыптасқан. Біріншісі- осы жұмысты мамандырылған, арнайы бақылау станцияларында жүргізу. Екіншісі-кез-келген шаруашылықтың дағдысы жағдайында жүргізу. Аталық мал ұрпағының сапасын тексерудің негізгі мақсаты оның тұқымдық құндылығы туралы анық, сенімді деректер алу. Осы тұрғыдан, тұқым малының ұрпағын сынауды ұйымдастырудың екі түріне де/ұрпақ/ мына төмендегі әдістемелік шарттар алдын ала дұрыс шешілуі қажет
...