Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Студентердiн iзденiс жумыстарынын технологиясы мен жолдары

Автор:   •  Март 14, 2020  •  Реферат  •  1,025 Слов (5 Страниц)  •  433 Просмотры

Страница 1 из 5

СТУДЕНТЕРДІҢ ІЗДЕНІС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЖОЛДАРЫ

Педагогикалық процестің субьектісі ретінде қазіргі талапқа сай мектептер негіз болуына байланысты, оқытушыдан педагогикалық құндылықтар, ғылыми-зерттеушілік бағыттардың талап етілуі,білім сапасының алға басуына  ықпалын тигізуде. Қазіргі таңда ағарту саласының өзекті мәселелерінің бірі оқытушының ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, оның кәсіби-педагогикалық мәдениеті мен ішкі құрылымын алға талпындыру болып табылады. Ағарту саласында нақты іс-әрекетті ұйымдастырушы  оқытушы  болғандықтан, оның кәсіби даярлығының ғылыми-педагогикалық негіздерін қарастыру қажеттілігі туындайды Педагогикалық процестің субьектісі ретінде қазіргі талапқа сай колледждер  болғандықтан, оқытушыдан педагогикалық құндылықтар, ғылыми-зерттеушілік бағыттар талап етіледі. Бүгінгі ағарту саласының өзекті мәселелерінің бірі оқытушының ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, оның кәсіби-педагогикалық мәдениеті мен ішкі құрылымы. Педагогика ғылымында зерттеушілік мәдениет төмендегідей жүйемен жинақталады: қоғамдық мәдениет, социумдық педагогикалық мәдениет жалпылық, кәсіби педагогикалық-жекелік. Педагогика ғылымында оқытушының зерттеушілік мәдениеті ұғымы теориялық методологиялық, философиялық, фундаментальды ғылыми парадигмалар мен таным теориясы, ғылыми таным, педагогикалық білім, оқытушылардың  білімін жетілдіру, ағарту жүйесіндегі қайта құру ұғымдарымен өз мәнін ашады. Олай болса, оқытушының зерттеушілік мәдениеті – негізгі педагогикалық, мазмұны философиялық білімдерден, оның тұрақты сипатынан, методологиялық фундаментімен, практикалық-бағыттаушылық сипатынан жеке идеяларынан арайды. Педагогика ғылымы саласында гуманитарлық мазмұнда әлеуметтік нормативтік, когнитивтік ғылыми-ізденушілік бағыттары зерттеледі. Соның ішінде, педагогикалық мәдениет мазмұнында: - тұлғаға көркем-эстетикалық әсер ету; - оқу және тәрбие; - патриотизмді қалыптастыру; - тарихи сананы қалыптастыру; - білім мен оқытудың ұлттық сипаты; - мәдениет танушылық білімдердің этникалық көп ұлттық мазмұны; 108 - білім беру мен оқыту жүйесінің түсініктілігі; - кәсіби білім мен оқытудың базалық мәдени компоненті; - білім беру мен оқыту формаларының вариативтілігі; - оқытудың блоктық-модулдық жүйесі. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі оқытушылардың  кәсіптік дайындығы бойынша оқыту әдістемеде бес негізге арқа сүйейді. Бірінші негіз – студентермен  жеке жұмыс жасау, әр студентке  жеке әдіс қолдану. Екінші негіз – студентердің  өзіндік жұмысы. Үшінші негіз – студентер  жеке жоба жасағанда балама оқулықтарды пайдалануға шек келтірмеу. Төртіншісі – оқытушының  шығармашылық ойын толық іске асыру. Бесінші негіз – оқытушының  оқушыға жеке кеңес беруі.Студентердің  білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тестік бақылау жүйесі. Ол студентердің  өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса студентердің  білімдеріндегі олқылықтарды анықтап, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын оқытушы  өз қалауынша тақырып, тарау бойынша құрайды. Бірақ тестердің көмегімен студентердің шығармашылық дәрежесін бақылау мүмкін емес. Толық педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде тестерді тексерудің барлық басқа түрлерімен: тәжірибелік, семинар сабақтары, реферат, баяндама әзірлеу арқылы студентің  нақты даярлық дәрежесін көре аламыз. Дегенмен бір топтағы  студентердің ―өзара жолдастық көмегі нәтижесінде білімдері субъективті бағалануы да мүмкін. Педагогикалық мәдениет негізінде ашылатын ғылыми-зерттеушілік мәдениетке ғалымдар мен практиктер дидактикалық қайта құрулар мен жаңа ағарту парадигмаларына жаңа қатынаспен қарауда. Педагогикалық басылымдарда ағарту парадигмасы мәдениетті тұлғаны интелектуалды дамытудың, колледждердің инновациялық демократиялық қайта құрудың моделі ретінде қарастырылады. Олай болса, зерттеушілік мәдениеттілікті меңгерген студент педагогиканың философиялық негіздерімен методологияның қазіргі түсінігімен, педагогикалық зерттеулердің методологиясымен толық танысқан болу керек. Тек қана педагогиканың методологиясы ғылыми-зерттеумен практикаға база ала алады. Соңғы еңбектердің ішінде, осы проблема және кәсіби мамандар даярлауда Н.Д.Хмель концепциясына тоқталуға болады. Ол ғылыми мәдениеттің мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық өлшемдерін ұсынады. Ғылыми зерттеу жұмысы мақсатына орай, кәсіби даярлық деңгейі-оқытушы тұлғаның тұтас біліктілігі ғылыми зерттеу жұмысына дұрыс көзқарас, тұтас педагогикалық жүйесінің мәнін түсінуі, педагогика методологиясы мен педагогикалық зерттеулердің әдістемесін меңгеруі. Оқытушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- 109 қолданбалы алғы шарты ретінде –оқу орындарында ғылыми-әдістемелік орталықтар, оқытушылардың еңбектерін зерттеу, тарату, педагогикалық нұсқауларды практикаға енгізу. Сонымен, студентердің зерттеушілік мәдениетін құраушы тұтас педагогикалық үрдісті меңгеруге даярлық ғылыми-зерттеушілік жұмысқа даярлық педагогикалық рефлексияға даярлық, өзіндік рефлексия.Оқытушылардың  ғылыми-зерттеушілік вариативті құрылымы: колледжде  ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға даярлық, педагогикалық істәжірибені тарату және пайдалану, педагогикалық ғылыми-зерттеуді практикада игеру, инновациялық – дидактикалық әрекет, ғылыми-зерттеуге даярлық. Олай болса, ғылыми-зерттеушілік мәдениет иерархиясын мына кестеге енгізуге болады: рационализаторлық –новаторлық инновациялық-ғылыми тәжірибе. Оқытушылардың ғылыми-зерттеушілік деңгейінің жоғары шегі – кәсіби зерттеушілік іс-әрекет. Қорыта айтсақ, оқытушының зерттеушілік мәдениеті-педагогикалық құндылықтар мен ағарту технологиясындағы жаңалықтарды меңгеру, тарату, жасаудағы қажетті сапалар, студентердің кәсіби-тұлғалық қасиеті, педагогикалық фактілер, құбылыстар, үрдістер, қорытындылар, заңдар мен заңдылықтар, теориялар мен болжамдарын құру, осы негізде жаңа және жеке инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті дамыту, жасау, мақсатты өзара әрекет пен ерекше қабілет. Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде адам мәдениетін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе, адамның адамға қатынасын ізгілендіру проблемасының әлем деңгейінде көтерілуінде мәдениеттің маңызы зор. ―Мәдениет ұғымы зерттеу аясы кең ғылыми ұғымдар қатарына жатады. Мысалы қазіргі кезде мынадай терминологиялық түсініктерге назар аударуға болады: - қарым-қатынас; - экономикалық мәдениет; - этникалық мәдениет; - ғылыми-зерттеушілік мәдениет. Адам өмірінің алтын бесігі – оқу орындары ұрпақ ойын қалыптастыратын шеберхана. Ол – халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Егемендік алған елімізде оқу орындары философиялық тамыры тереңдеп, міндеттер жиынтығы молайған тұсында заман талаптарына сай білім беру жүйесін құру керек. Жазушы Мұхтар Әуезов: ―Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім деп атап көрсеткеніндей, қай елдің болсын ілгері басуы үшін білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады. Ата-бабадан қалған өшпес мұраны, мол қазынаны қабілеті 110 жоғары ұрпақтың бойына дарыту – оқу орнының міндеті. Егемен еліміздің келешегі – кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Сондықтан оқу орнының ұжымы алдында атқарылар міндеттер анықталды: - жалпы құрылымын жаңарту; - оқу орнын басқару жүйесін өзгерту; - оқу, тәрбие үрдісін демократияландыру, ізгілендіру; - білім мазмұны мен оны оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру; - ұжымда ғылыми ізденіске, зерттеу жұмыстарына жағдай жасау, педагогикалық ынтымақтастықты нығайту. Педагогикалық еңбек үнемі шығармашылық ізденісті психологиялық, дидактикалық жағынан өз деңгейін жетілдіруді талап етеді. Ғылыми ауқымды білім беру тәжірибесін қалыптастырып, студентің ғылыми жұмысына жетекшілік ету, өзі зерттеуші болуы керек. Ол үшін колледжде оқу-танымдық, ғылыми ізденушілік қызметін жандандыру мақсатында ғылыми қоғам құрып, жұмыс істеуі шарт,студенттердің  ғылыми көпшілік журналдармен, әдебиетпен жұмыс істеуге үйрету. Ю.К.Бабанскийдің көзқарасы бойынша оқытудың тиімділігі тәрбиеленушінің оқытылуы, білім мазмұны, оқытушылардың педагогикалық шеберлігі – осылардың өзара байланысынан келіп туындайды.  Сондықтан, күрделі педагогикалық мәселелерді шешу тек оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейіне байланысты.

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (75 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club