Салт және дәстүр түсініктері
Автор: Дурдона Талипова • Октябрь 17, 2023 • Реферат • 3,104 Слов (13 Страниц) • 117 Просмотры
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышты білім беру кафедрасы
[pic 1]
«Этнопедагогика» пәні бойынша
БӨЖ
Тақырыбы: Салт және дәстүр түсініктері Орындаған: Талипова Дурдона Тобы: ППМ-111 Қабылдаған: Тоқкүлова Гулсара
Түркістан-2023
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Дәстүр және салттардың құрылымы, салттар мен дәстүрлердің жалпы ортақтастығы және айырмашылығы.
2.2. Адам тәрбиесімен байланысты салттар,әдеп- ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні. 2.3. Шілдехана, балаға ат қою, бесік тойы дәстүрінің ұлттық мәні неке қияр
рәсімдерінің әдептілік мәні
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру
арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрдің тәлім-
тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды
Ата-бабаларымыз ұлттық дәстүрінде жолы түсіп,үйіне ат басын тіреген жолаушы- құдайы қонаққа мал сойып,кең дастарқан жайып, дәм- тұзын татқызатын. Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші көш адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ- қымыз, шұбат, айран ұсынған. Түстендіріп не қонажатқызып сыйлы мейманға лайық кәделі қонақасы берген. «Көш көлікті, көрікті болсын» десіп аттандырған. Ауылға, үйге қоңсы қонған отбасына ерулік атаулы дәмдестік сыйлы дастарқан жайылған. Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар да көрші-көлемін шақырып, «Тана тағар» атаулы алғашқы қонағасын ұсынған.
Ертеңгісін сәлемдесуге келген «Таңғы ас – Тәңірден» ырымымен дәм татқызбай жібермеген. Осы ретте айта кетерлік жәйт – қазақтың дастарқанды киелі санауы.Дастарқан таза ұсталған, жиегі жиылмаған, үстіне ыдыс- аяқтан, тағамнан өзге нәрсе қойылмаған.Дастарқан басында отырғандарға бейпіл сөз айтуға, ұрыс- керіске, насыбай атып, шылым шегуге, үстінен аттап өтуге тыйым салынған. Кез келген қазақ азаматы жол- жөнекей жаяу- жалпы шаршаған жолаушыны кездестірсе, ерулі атына мінгізген не астындағы атына мінгестірген. Тұлдырсыз жақыбайды көрсе, есіркеп , иініне біркиер,«Дұшпанкөз» киімін жапқан.
...