Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологиялық-педагогикалық қолдау

Автор:   •  Август 28, 2024  •  Доклад  •  313 Слов (2 Страниц)  •  56 Просмотры

Страница 1 из 2

ҚР Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығымен Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау Ережелері бекітілді. Мектепте психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі үнемі жұмыс атқаруы қажет, оның міндеттеріне мұғалімдердің балалармен дамытушылық жұмысы ғана емес, сонымен қатар білім алушылармен жұмыс істеудің ортақ тәсілдерін, бірыңғай стратегиясын әзірлеу бойынша педагогтар, мамандар және ата-аналардың тұрақты ынтымақтастығы кіреді.

Психологиялық-педагогикалық қолдау - педагогтар мен мамандардың жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтікпсихологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады; Білім беру саласында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ұжымдық жұмыс болып табылады. Оған мектеп ұжымының әрбір мүшесі кіреді. 

Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламасына сай психолог ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында, олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете дамыту тапсырмаларын сабақ үдерісіне жүйелі қолдану арқылы оқушының сөйлеу, сұхбатқа түсу, өз ойын еркін айту, танымдық қабілеттері логикалық ойлау, сұрақтарға дұрыс  жауап беру, білім, білік дағдыларын арттыруы қажет.

Білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдері. баланың дамуын сүйемелдеудің бірінші кезеңі ретінде бала туралы ақпаратты жинақтау шығады. Екінші кезең – алған ақпаратты талдау. Үшінші кезең – бала, педагог, ата-аналар, мамандар үшін ұсыныстарды бірлесе түзу: әрбір «қиын» білім алушы, тәрбиеленуші үшін кешенді көмектің жоспарын түзу. Төртінші кезең – сүйемелдеуге қатысушылардың барлығына бала қиыншылықтарын шешудегі жолдар мен амалдар туралы кеңес беру. Бесінші кезең – қиыншылықтарды шешу, яғни сүйемелдеудің әрбір қатысышуысымен ұсыныстардың орындалуы. Алтыншы кезең – орындалған ұсыныстардың сүйемелдеудің барлық қатысушыларымен талдануы (Неге қол жеткізілді? Неге қол жеткізілмеді? Не себептен?). Жетінші кезең – бала дамуын талдауды жалғастыру (Келешектер не істейміз?).

...

Скачать:   txt (5.2 Kb)   pdf (56.4 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club