Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Автор: 89_samal • Ноябрь 27, 2020 • Реферат • 3,787 Слов (16 Страниц) • 1,152 Просмотры
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
1.«Құзыреттілік» ұғымы.
2.Педагогтің кәсіби құзыреттілігі.
3. Жаңа тұрпатты педагог құзыреті.
4.Педагогикалық мамандықтың қоғамның рухани құндылықтарына әсері.
«Компотенттілік» сөзі қазір «құзыреттілік» деп аударылып жүр. Құзыреттілік – қызмет атқарушының жеке меншігі, оның квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шемім қабылдауы. Құзыреттілік жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жаттанды түрде емес, жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі бір мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы ұтымды түрде түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді. Н.С.Розов құзыреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды: 1) танымдық және практикалық жаңалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігі, 2) білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады. Н.С.Розовтың пікірінше, құзыреттіліктің мынадай қырлары бар: - Мәндік аспект –ахуалды жете түсіну; - Проблемалық-практикалық аспект – ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды; - Коммуникативті аспект – ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайға қатысын және өзара ықпал жасауға тиісті деңгейінің барлығын қамтамасыз етеді. Кәсіби құзыреттіліктің түрлері: - арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби іс-әрекетті атқаруға ынтымақтасуды, кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілік; - әлеуметтік құзыреттілік –бірлесе, кәсіби іс-әрекетті атқаруды, ынтымақтасуды меңгеру,ӛзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілік; - жеке-дара құзыраттілігі – өзін көрсете білу мен қалыптастыру амалдарын, жеке тұлғаның кәсіби қарсы тұру құрамдарын игеру; - дара құзыреттілік – өзінің біліктілігін асыру меен ӛз даралығын қалыптастыруға қабілеттілік. Аталған құзыреттіліктің түрлері адам бойынан табыла бермеуі мүмкін.Адам өз мамандығы аясында жетік болуы мүмкін, бірақ қарым-қатынас жасауды жетік білмеуі, ӛзін –ӛзін дамыту жолындағы міндеттерді жүзеге асыра алмауы мүмкін. Мамандыққа құзыреттілік – өндіріс процесін жоспарауға қабілеттілік, компьютермен, оргтехникамен жұмыс істей білу, техникалық құжаттамаларды оқи білу, жеке құзыреттіліктері –өзінің еңбегін жоспарлауға, бақылауға және реттеуге қабілеттілік, өз бетімен шешім қабылдауға, үйреншікті емес шешем табуға қабілеті, дара құзыреттілік, жетістік мотивациясы т.б. Жеке тұлға құзыреттілігі – өзінің еңбегін жоспарлауға, реттеуге барынша еркін құқықты болуы шарт. Іс-әрекет жүзіндегі обьектілерді бағамдауға, жобалауда және құрастыруда кәсіптік педагогикалық білімді қалыптастыруымыз қажет. Кәсіби дайындық бүгінгі талап бойынша нәтижесінде кәсіби құзыретті маман дайындауды мақсат етеді. Педагогикалық кәсіп өзгертуші және басқарушы кәсіп болып есептеледі. Тұлғаны дамыту үдерісін басқапру үшін құзыретті маман болу шарт. Сондықтан педагогтің кәсіби құзыреттілігі Тұлғаның біртұтас құрылымы бойынша теориялық және практикалық дайындығының бірлігінен тұрады, оның кәсіби сипаттамасы болады. Кәсіб құзыреттілік білім меңгеру ғана емес, «әрекеттегі білімді» жасап шығару үшін қажетті жағдай, яғни кәсіби дайындықтың басты өлшемі – білік пен дағдылар. Болашақ педагогтің педагогикалық қызметінің мазмұндық және операциялық құрылымдарының бірлігін айқындайтын психологиялық-педагогикалық дайындығы оның қызметінің методологиясын, теориясы мен технологиясын модельдеп, жүзеге асырады, педагогтің ізгілікке бағдарланған ойлауының негіздерін қалайды. Дегенмен, психологиялық- педагогикалық және арнаулы білім қажет болғанман, ол кәсіби құзыреттілік үшін жеткіліксіз, олар педагогикалықбілік пен дағдылардың алғы шарттары ғана.
...