Ас тұзы және оның түрлері
Автор: kuttybaiassem00 • Сентябрь 2, 2021 • Реферат • 2,746 Слов (11 Страниц) • 1,240 Просмотры
Кіріспе
Ас тұзынсыз адамзаттың тіршілігін елестету қиын. Ас құрамында тұз жеткіліксіз болса адам денсаулығына әсерін тигізеді. Қазір ас тұзы әр адамның дастарқанында, бірақ оны тек тағамға қосатын дәмдеуіш ретінде пайдаланады. Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі.
Тұз – ең алдымен ағзадағы суды реттегіш, бірақ одан бөлек су адам ағзасында бірқатар басқа функциялар орындайды. Тұз мидан пистаминнің бөлініп шығуына әсер етеді және астма дерті қозған кезде көмектеседі, бұл адам ағзасы үшін маңызды. Мысалы, бірнеше стакан су ішіңіз де тіліңізге кішкене тұз қойыңыз, өзінің жағымды әсері жағынан ол ингалятордан кем түспейді және токсинді емес. Бірақ бір маңызды ереже – тұзды тілге су ішіп болғаннан кейін қояды.
Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында , тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет болып табылады.
Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол болып табылады. Тұзды көлдерге суында 3,5% - дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл және тағы басқа өзен аңғарларында кеңінен таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай болып табылады. Ондағы кейбір жерлерде тұз қабатының қалыңдығы ( тұз күмбездері) 2км-ден асады.
Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Сонның ішіндегісі 60-65 мың тоннасы ас тұзы болып табылады. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтан келеді. Елімізде тұз өндірумен 40- тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін ,яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тұз Батыс Қазақстан облысының Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде , ал Қазақстанның Солтүстік – Шығысындағы Коряков көлдерінде өндіріледі. 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Онда өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Обь өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырады. Сондықтан елімізде сапалы йодталған кәсіпорындардың аз болуы, ал тұз адам өмірінде қаншама пайда әкелетіні бәрімізге мәлім.
Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден – бір қажетті зат ас тұзы болып табылады.
1.1 Ас тұзы және оның түрлері
Ас тұзы - (натрий хлориді, NaCІ )— түссіз кристалды зат болып табылады. Балқу 80100С, қайнау 141300С, тығыздығы 2,161 г/см3 (2000С). Суда, сұйық аммиакта, спирттерде, этиленгликолда, құмырсқа қышқылында ериді, ал тұз қышқылында ерімейді. Судағы қаныққан ерітіндісі (28,41г NaCІ) 108,70 0С температурада қайнайды. Ас тұзы табиғатта галит минералды (тас тұзы) түрінде, мұхиттар мен теңіз, сондай-ақ көл және жер асты суларының құрамында кездеседі . Техникалық мақсаттар үшін тас тұзы мен тұндырылған тұз, тағамдық мақсаттар үшін буландырылған және таза тұндырылған ас тұзы қолданылады. Ас тұзының иодталған, брикеттелген тағы да басқа арнаулы түрлері де өңдіріледі. Ас тұзын тамаққа қосуға (ас тұзы деп аталуы осыдан), тағам өнімдерінде пайдаланылады; химиялық өнеркәсіпте сода, хлор тағы да басқа өнімдерді алу үшін шикізат ретінде, ал медицинада физиологиялық ерітінді түрінде қолданылады.
Ас тұзы кендері тұзды көлдер, қазба тұздар және жер асты тұзды сулары болып үшке бөлінеді.
Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий маңы ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған.
Қазба Ас тұзы кендері аридтік климат жағдайларында, теңіз қолтықтары мен теңізден бөлінген шығанақтардағы тұзға бай сулардың буланып суалуынан, тұздардың қайта кристалдануы мен шөгуі нәтижесінде қалыптасқан. Сондай-ақ қазба
...