Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогика философиясы және әдіснамасы

Автор:   •  Октябрь 27, 2023  •  Эссе  •  325 Слов (2 Страниц)  •  148 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

«Педагогика философиясы және әдіснамасы»

         Педагогика сөзінің ертедегі мәніне келер болсақ, бұл сөз алғашында «баланы жетектеуші» сөзінен шыққан. Ерте заманда бұл сөз құлдардың қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалыптасты. Тәрбие – қоғаммен бірге өмір сүрудің ең бастапқы алғышарты, ол – қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеруіне байланысты. Сондықтан, педагогика тәрбие мен білім беруді ұштастыратын, теориялық білімдерді жинақтап, жүйеге келтіретін және педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Педагогика ғылымының өзі де көптеген жеке салаларға бөлiнедi. Мәселен, мектепке дейiнгі педагогика, ересектер педагогикасы, кәсiптiк-техникалық бiлiм беру педагогикасы және тағы басқа болып бөлiнедi. Оқытудың негізгі жолдарын айқындайтын педагогиканың бөлімі дидактика турасында Ахмет Байтұрсынов "Қазақ" газетіндегі мақаласында былай деп жазады: "Ең әуелі мектепке керек - білімді, педагогика мен методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы әрі сайлы болуы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы", - деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда белгілеп берді.

         Педагогика ғылым ретінде барлық ғылымдардың іргетасы деп санағанымызбен, педагогиканың негізі әрқашан философия болып қала бермек. Философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми әрі әлеуметтік тұрғыдан шешуге көмектеседі. Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді. Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (54.3 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club