Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Автор: rukie.azatbekova • Октябрь 2, 2022 • Реферат • 647 Слов (3 Страниц) • 344 Просмотры
Жоспар:
1.Кіріспе.Педагогика туралы түсінік
2.Негізгі бөлім
2.1.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыс түрлері
2.2.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Педагогика – «пейдагогис» грек сөзі «пейда» - бала, гогос жетелеймін, «бала жетелеуші» - деген ұғымды білдіреді, тәрбие туралы ғылым.
Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым .
2.Негізгі бөлім
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екі түрі бар: әдіснамалық және пәндік.
Әдіснамалық байланыс-басқа ғылымдарда қалыптасқан негізгі идеяларды жалпы тұжырымдамаларды педагогикада қолдану (мысалы,философиядан); басқа ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін пайдалану.
Пәндік байланыс-басқа ғылымдардың нақты нәтижелерін пайдалану (мысалы,психологиядан,медицинадан,физиология дан және т.б); кешенді зерттеулерге қатысу.
Педагогика ғылымының мына ғылымдармен байланысты:
Философия – бұл адамды күш идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
...