Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысын жазып, талдау
Автор: Mirasbek_Gul • Сентябрь 8, 2021 • Лекция • 601 Слов (3 Страниц) • 1,685 Просмотры
1-Срс
Орындаған: Мирасбек Г.С.
Қабылдаған: Бисембаева Ж.К.
Тапсырма: Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысын жазып, талдау.
Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика. Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.
Тіл дамыту әдістемесі қазақ тілімен тығыз байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту қазақ тілінің лексика тарауының ережелеріне сүйенеді. Сонымен қатар балабақшада мектепке барғанға дейін бала ана тіліміздің барлық грамматикалық формаларын мысал түрінде меңгеріп баруы қажет. Сондықтан тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің грамматика тарауыменен тығыз байланыста дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жай және құрмалас сөйлемдердің түрлерін толық ажырата алатындай дәрежеге жеткізілуі қажет. Бала бұл сөйлемдерді мысал түрінде меңгергенмен тәрбиеші құрмалас, жай сөйлемдердің қолданылу ерекшеліктерін, ережелерін өзі толық меңгеруі тиіс. олай болса тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің синтаксис саласында да сүйенеді. Бақшада бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру, тіліміздегі дыбыстарды толық айтуға үйрету, жеке сөздерді буындарға бөліп үйрету жұмыстары да тіл дамыту сабақтарының басты бөлігі болып саналады. Олай болса тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің фонетика тарауының ережелерімен тығыз байланысты. Әрбір топты балаларға сөздердің дұрыс айтылуын меңгерту тәрбиеші алдына қойылатын басты міндеттердің бірі. Олай болса тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің орфоэпия тарауының заңдылықтарына да сүйенеді.
Тіл дамыту әдістемесі психологиямен тығыз байланыста дамиды. Психология – психикалық құбылыстарды атап айтқанда түйсік пен қабылдау, елес пен ой, сезім мен тілек, бейімділік пен қабілет, ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейді. Осы аталған психикалық құбылыстардың, мысалы түйсік пен қабылдаудың, елес пен ойдың сөйлеу процесіне тікелей қатысы бар. Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау, пікір алысу, басқаның сөзін ұғыну психологияның жәрдемін керек етеді. Өйткені тілдік жүйе адамның санасында сақталады. Заттың біздің санамызда сақталған атауымен байланысты психологияның байланысты болып табылады. Адам ауызекі тіл арқылы қарым-қатынас жасағанда да немесе жазба тіл арқылы қатынас жасағанда да белгілі бір мазмұнды білдіріп қана қоймайды. Сонымен бірге сол мазмұнға өзінің қатынасын да білдіреді. Сонда тіл ойды білдірудің құралы ғана емес, көңіл-күйді білдіретін де құралы болып есептелінеді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту оның санасына, сезіміне, еркіне, есте сақтауына, қабылдауына байланысты жүргізіледі. Яғни тіл дамыту әдістемесі психологиямен тығыз бірлікте жүргізгенде ғана мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс жетілуіне ықпал етеді.
...