Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Арнайы психологияның басқа ғылымдармен байланысы

Автор:   •  Январь 31, 2021  •  Реферат  •  3,750 Слов (15 Страниц)  •  1,232 Просмотры

Страница 1 из 15
  1. АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Арнайы психологияның басқа ғылымдармен байланысы

Арнайы психология пәнаралық ғылым болғандықтан, оның басқа ғылымдармен байланысын Усанова О. Н. екі деңгейде қарастырады. «Бірінші деңгей – ішкі психологиялық байланыстар, мұнда жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, клиникалық психология, әлеуметтік психология, педагогикалық психология т.б. көптеген салаларымен байланысы. Екінші деңгей – сыртқы психологиялық байланыстар, бұл деңгей арнайы психология мәселелерінің негізін, философия, әлеуметтану, медицина, педагогика және т.б. адам туралы ғылымдар тұрғысынан қарастыруды көздейді.

«Л. С. Выготский жас ерекшелік психологиясын, балалар психологиясын, педагогикалық және арнайы психологияны өзара жақындатады. Мысалы, арнайы және жас ерекшелік психологиясының зерттеу нысаны бір, ол – дамып, өсіп келе жатқан адам. Егер жас ерекшелік психологиясы қалыпты дамудағы психикалық даму онтогенезін, жасқа сай даму динамикасын т.б. зерттейтін болса, арнайы психология ауытқыған дамудағы әдістерді процестерді зерттейді.

Педагогикалық психологиямен байланысы мынадан көрінеді: арнайы психология даму ауытқуы бар балалардың білім, білік, дағдыларды меңгеру ерекшеліктерін, педагогиалық әдіс заңдылықтарын, оқыту-тәрбиелеу әдісінде психиканың өзгеру механизмдерін зерттейді. Сөйтіп, педагогикалық әдіске бағдар береді.

А.Р. Лурия балалар нейропсихологиясын дамыта отырып, «ми мен психика» мәселесін зерттеудегі жаңа сатыны ұсынады. Нейропсихология саласында, локальды ми зақымдануы бар балалардың жоғары психикалық қызметтерін зерттеуде, олардың ми механизмдерінің ерекшеліктерін анықтау, жоғары психикалық қызметтердің        хроногендік (мерзімдік)        локализациясы (оқшаулануы) заңдылықтарын ашты. Қазіргі кезде нейропсихологиялық әдістер, арнайы психологияда кеңінен қолданылады.

В.В.Богословский, А.Г.Ковалев, А.А. Степанов сияқты авторлар, арнайы психологияны патопсихологияның тармағы деп көрсетеді. Себебі, олардың зерттейтін нысаны – психикалық даму мен психикалық әрекеттің бұзылуы.

А.В. Петровский, керісінше, патопсихология арнайы психологияның тармағы деп есептейді. Себебі, патопсихология психиканың бұзылуын, ақыл-естің жоғалуын, жеке тұлғалық қасиеттердің жойылуын т.б. қарастырады. Бірақ, бұл көзқараспен келісуге болмайды, себебі, жоғарыда көрсетілген мәселелер, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуынан кейін, пайда болатын патология.

В.И.Лубовский, Т.В.Розанова т.б. арнайы психологияны дефектология ғылымының саласы ретінде қарастырады».

Шындығында, арнайы психологияның пайда болуы, туа біткен немесе жүре пайда болған кемістіктердің салдарынан, қалыпты дамуы бұзылған балаларға психологиялық көмек беру қажеттілігінен туындаған болатын. Демек, арнайы психология теориялық және практикалық дефектология пайда болған. Бірақ дефектология арнайы білім беру мәселелерімен айналысады, сондықтан арнайы психологияны коррекциялық педагогикамен байланыстыруға болады.

1.2. Арнайы психологияның зерттеу салалары

Арнайы психологияның зерттеу салалары:

  • олигофренопсихология;
  • психикалық дамуы тежелген балалар психологиясы;
  • сурдопсихология;
  • тифлопсихология;
  • тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар психологиясы;
  • логопсихология;
  • мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы;
  • ерте жастағы балалар аутизмі бар балалар психологиясы;
  • мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы;

Олигофренопсихология немесе ақыл-ойы кем балалар психологиясы – ақыл-ойы кем балалардың танымдық әрекет динамикасын және жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияның құрамдас бөлігі.

Негізгі міндеті - ақыл-ойы кем балалардың психикасына тән жалпы, жеке және ерекше белгілерін, әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беретін қабілеттерін анықтау.

Психикалық дамуы тежелген балалар (жалпы мектептегі үлгермеуші балаларды осы категорияға жатқызуға болады) психологиясының мақсаты – түзету–дамыту жұмыстарының көмегімен психикалық дамудағы тежелуді жеңілдету немесе мүлдем жою. үлгермеушілер категориясы екендігін айтады.

...

Скачать:   txt (59.6 Kb)   pdf (241.8 Kb)   docx (25.2 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club