Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогикалық практика барысындағы жұмыстар туралы есеп

Автор:   •  Ноябрь 25, 2021  •  Реферат  •  4,938 Слов (20 Страниц)  •  653 Просмотры

Страница 1 из 20

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Генетика және молекулярлы кафедрасының

 «5B070100-Биотехнология» мамандығының 4-курс студенті

[pic 1]

Педагогикалық практика барысындағы жұмыстар туралы есеп

Практика жетекшісі: Сейтқадыр Қаламқас Әлімханқызы        

Студент-практикант: Двизор Әсем Нұрланқызы

                                         Алматы, 2021

ЕСЕБІ

Тақырыбы: Білім беру ордаларында теориялық  алынған білімді практикалық тұрғыдан қолдану және кәсіби мамандармен тәжірибе алмасу.

Мақсаты: Студенттің ЖОО-да оқу барысында және оқу тәжірибесінде, сондай-ақ жаңа білімді дамытуда алынған білімдерді нығайту. Педагогикалық шеберлілікті жетілдіру.

Міндеті:  Мамандықтың практикалық дағдыларын және жұмыстың технологиясын игеру, кәсіби дағдыларды меңгеру.

Өткізілетін мекеме орны: Бауыржан Момышұлы атындағы № 131 лицей

Тапсырмалары:    

Оқу курсын қорытындылау;

Теориялық білімді нығайту;

Практикалық жұмыс дағдыларын игеру;

Педагогикалық білім бірлігі;

Педагогикалық кәсіпке бейімділігі;

Ситуацияларды меңгеру;

Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.

Білім беру ордаларында педагогикалық дағдыларды дамыту

Субъектілер:

        7 А сынып оқушылары

        7 Ә сынып оқушылары

        7 Б сынып оқушылары

        8 Ә сынып оқушылары

Бере алатын мүмкіндіктері:

        Өз мамандығы нарығы туралы қажетті ақпаратты алу және лауазымның өзектілігі мен өзектілігін бағалау мүмкіндігі;

        Болашақта қандай ұйымда жұмыс істегіңіз келетінін (мемлекеттік, бюджеттік, жеке, коммерциялық, коммерциялық емес, басқарудың қандай түрі сізге жақын) түсіну мүмкіндігі;

        Өздерінің білімінде кемшіліктерді анықтауға және оларды жоюға қабілеті;

        Болашақта практика орын алатын орынды сақтап қалу мүмкіндігі;

         Жұмыс іздестіру дағдыларын меңгеру, әлеуетті жұмыс берушімен сапалы байланыс мүмкіндігін жоғарылату.

Практика жайлы ақпарат

Практика өткен жері: Бауыржан Момышұлы атындағы № 131 лицей

Практика өткен мерзімі: 27.09.2021-23.10.2021

Практикант аты жөні: Двизор Әсем Нұрланқызы

Курс:4

Мамандығы: Биотехнология

Факультет: Биология және биотехнология

Практика жетекшісі: Сейтқадыр Қаламқас Әлімханқызы        [pic 2][pic 3][pic 4]

[pic 5]

Айы,күні,

Жылы

Жасалған жұмысының қысқаша мазмұны

Қолы

1

27.09.2021

Педагогикалық практиканың алғашқы күні болғандықтан,практика өтетін Б.Момышұлы атындағы лицеймен таныстық.Соның ішінде мектеп басшылығымен,биология пәнінің мұғалімдерімен таныстық.Бізге 9"А" сыныбы бөлінді.Сыныптағы оқушылар тізімімен,оқу беру бағдарламасымен таныстық.

2

28.09.2021

Практиканың алғашқы күні,биология сабағында мұғалімнің оқушыларға сабақ беру үлгісімен таныстық.Оқушылардың үй тапсырмасын тексеруін,жаңа сабақты қалай түсіндіру керек екендігін,сабақ соңындағы қорытындылауды,БЖБ тапсырмаларын алу үлгісімен таныстық.Оқушылардың зейінін ашу бойынша,сабақты қызықтыратын үлгі -көріністерді мұғалімнің мысалы бойынша қорытындылап алдық.

3

29.09.2021

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.» болды. Сабақ жоспары бойынша оқушылар энергия жайлы ақпаратты схемалардан,тұрмыстық мысалдар бойынша нақты бекітіп алды.Энергия ағыны бойынша сабақ соңындағы қорытындылау кезінде,оқушылардың сабақты толықтай меңгергендігі анықталды.

4

30.09.2021

Осы сабақта 9 сынып оқушыларына сабақтың тақырыбы болып: «Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі» болды. Сабақты түсіндіретін материал ретінде презентация жасалынды.Сабақ барысында оқушыларға айналымдардың схемасы көрсетілді,көрсетілген схемалар бойынша оқушылар сабақты қорытындылады.

5

01.10.2021

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері.» болды. Сабақтың көрнекілігі болып :кітап бағдарламасы,презентация және схемалар болды.Схема бойынша оқушылар қай өңірде,қандай қазбаның бөлінетіндігімен танысты.

6

04.10.2021

Бүгінгі сабақта  өтілген тақырып: «Жылыжай эффектісі (булану) және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсер» сабақ түсіндірілді және толығымен қамтылды.Сабақ барысында оқушылармен озон қабатының жұқаруы бойынша мағлұматтар беріліп,пікір-талас кезеңі болды.Яғни,оқушыларға табиғи маңыздылығы бойынша ақпараттар берілді.

7

05.10.2020

Бүгінгі сабақ тақырыбы: «Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару. » сабақты презентация және көрнекіліктер арқылы түсіндірді. Ас қорыту жүйесі арнайы анатомиялық плакаттар және мүсіндер арқылы түсіндірілді.Оқушылардың қызуғушылығы бойынша сабақ қызықты өтті.

8

06.10.2021

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:«Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттің белсенді орталығы. ».Көрнекілік ретінде презентация қолданылды.Ас қорыту жүйесі бойынша плакаттар қолданылды.Тұрмыстық жағдайдағы мысалдар бойынша,ферменттердің маңыздылығы түсіндірілді.Қоректік заттарды ерітетін ферменттер бойынша оқушылар конспектті бекітіп алды.

9

07.10.2021

Бүгінгі сабақта зертханалық жұмыс орындалды: «Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу». Бұл зертханалық жұмыс бойынша ақпарат бейнебаяндар арқылы түсіндірілді.Бейнебаянда виртуалды түрде химикаттардың әсер етуі көрсетілді.

10

08.10.2020

Бүгінгі сабақта : « Өттің әсерінен майлардың эмульгациясы. Зертханалық жұмыс : Өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу».Сабақ соңында оқушылар зертханалық жұмыс жасады.Сабақта оқушыларға эксперимент көрсетілді.Яғни тұрмыстық жағдайда,фермент болып жуғыш заттардың май тамшыларын ыдырату бойынша тәжірибе қойылды.

11

11.10.2021

Бүгінгі сабақта «Активті және пассивті тасымалдардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Жасуша мембранасы арқылы тасымалдану бойынша оқушылар ақпарат алды.Мембрана арқылы тасымалданудың ережелері және қатысатын заттарымен оқушылар танысты.

12

12.10.2021

Бүгінгі өтілген тақырып: «Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері. Зертханалық жұмыс: Транспирация  үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу. » Сабақты презентация арқылы түсіндірдік.Сыртқы және ішңі факторлар бойынша жіктелуді оқушылар дәптерге конспектілеп алды.

13

13.10.2021

Бүгінгі сабақта өтілген тақырып: «Зертханалық жұмыс: Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (сірқабық (кутикула) мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері»Сабақта оқушылар зертханалық жұмыс жасап,презентация арқылы түсінді.

14

14.10.2021

Бүгінгі өтілген тақырып: ”Сыртқы факторлардың флоэмада зат тасымалына әсері: температура, ылғалдылық,жарық”.Сабақ түсіндіру кезінде презентация қолданылды.

15

15.10.2021

Бүгінгі күнгі өтілген тақырып: «Анаэробты және аэробты тыныс алу. Анаэробты және аэробты тыны салу үдерістерін химиялық реакция теңдеулерін қолданып қарастыру. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділіктері.». Түрлі көрнекілік пен презентация қоланылды. Оқушылар көптеген ақпараттар алды.

...

Скачать:   txt (57.7 Kb)   pdf (598.7 Kb)   docx (425.1 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club