Педагогикалық практика есебі
Автор: Венера Суровцева • Май 30, 2022 • Отчет по практике • 806 Слов (4 Страниц) • 1,408 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Педагогикалық практика есебі
Магистранттың ТАӘ: 2 курс магистранты Суровцева Венера Григорьевна
Мамандығы: 7М01504 Химия
Педагогикалық практика өткен мерзімі: 18.10-27.11
Кафедра меңгерушісі:______________________ Кунашева З.Х.
Практика жетекшісі:_____________________ Мукашева М.М.
Орал 2021
Педагогикалық практика жоспары:
№ | Магистрант орындайтын іс-әрекеттер |
1 | Педагогикалық практика бағдарламасын, оның мақсаттары және міндеттерімен танысу |
2 | Ғылыми зерттеу тақырыбына сәйкес пәнді таңдау |
3 | Жекелеген сабақтарды жоспарлау (дәріс, семинар, зертханалық-практикалық) |
4 | Студенттерге таңдалған пән бойынша дәрістер өткізу |
5 | Педагогикалық практика бойынша жазбаша есеп беру |
№ | Күні | Жұмыс барысы | Орындалған жөніндегі белгісі |
1 | 18.10.2021 | Химия кафедрасының меңгерушісімен кездесу және педагогикалық практика жоспарын құру. Практикадан өту тәртібін құру | |
2 | 23.10.2021 | Жетекшімен кездесу және практика жоспарын талқылау | |
3 | 30.10.2021 | "Аналитикалық химия" пәні бойынша дәріс пен практикалық сабақтарға қатысу | |
4 | 06.11.2021 | Дәріс сабақ Комплексті қосылыстар түзу реакциялары және ерітінділеріндегі тепе-теңдіктер Комплексті қосылыстар туралы жалпы түсініктер | |
5 | 09.11.2021 | Дәріс сабақ Комплексті қосылыстар ерітінділеріндегі тепе-теңдіктер. Комплексті қосылыс түзілу константасы, тұрақтылық константасы | |
6 | 13.11.2021 | Семинар сабақ Комплексті қосылыстар түзу реакциялары және ерітінділеріндегі тепе- теңдіктер Анализде жиі пайдаланылатын комплексті қосылыстардың түрлері | |
7 | 20.11.2021 | Дәріс сабақ Комплексті қосылыстардың диссоциациясы, тұрақсыздық константалар Комплекс түзілу функциясы және комплекстену функциясы | |
8 | 27.11.2021 | Педагогикалық практика есебін дайындау |
Күнделік
Таңдалған тақырып бойынша өткізілген дәрістің қысқаша мазмұны
Дәріс №25
Тақырыбы: Комплексті қосылыстар түзу реакциялары және ерітінділеріндегі тепе-
теңдіктер
1. Комплексті қосылыстар туралы жалпы түсініктер
Мақсаты: Комплексті қосылыстар түзу реакциялары және ерітінділеріндегі тепе-
теңдіктер бойынша білім жүйесін қалыптастыру. Комплексті қосылыстар түзу
реакциялары және ерітінділеріндегі тепе-теңдіктер туралы теориялық негіздерін меңгерту.
Көптеген химиялық, физика-химиялық анализ әдістердің негізінде комплекстер түзу
реакциялары жатады. Комплекс түзу реакциялары гравиметрлік, титриметрлік,
потенциометрлік, амперометрлік, фотометрлік т.б. анализ әдістерімен түрлі иондарды
анықтауда қолданылады.
Комплексті қосылыстардың анализде қолданылуы төмендегі қасиеттеріне
негізделеді:
1) комплексті қосылыстың құрамына кіретін комплекс түзуші ион мен лиганд
ерітіндіде бос күйінде болмайды және жай химиялық реакциялармен анықталмайды;
2) комплексті қосылысты құрайтын иондардың қасиеттері комплексті қосылыстың
құрамында ерекше қасиет көрсетеді. Олардың осындай қасиеттерін анализде бүркеу, бөлу
...