Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Негізгі қимыл-қозғалыс түрлері және олардың сипаттамасы

Автор:   •  Февраль 26, 2025  •  Доклад  •  2,726 Слов (11 Страниц)  •  161 Просмотры

Страница 1 из 11

Негізгі қимыл-қозғалыс түрлері және олардың сипаттамасы

Негізгі қозғалыстар – бұл адам үшін өмірлік қозғалыстар, адам бұл қозғалыстарды: жүруді, жүгіруді,секіруді, лақтыруды, өрмелеуді өзінің сан алуан қызметінде қолданады, бұл қозғалыстардың тұрақты, қажетті компоненті тепе-теңдік сипатқа ие. Негізгі қозғалыстар динамикалық сипатқа ие. Олар бұлшық еттердің көптеген бөлігін әрекет етуге қарастарады және барлық физиологиялық процестерді жандандыра отырып, бүкіл организмнің тіршілік қызметін арттырады. Сөйтіп негізгі қозғалыстар баланыі денесінің дамуына, денсаулығының жақсаруына жағдай жасай отврвп , организмге тұтастай әсер етеді. Жүйке жүйесінің реттеуші қызметі негізгі қозғалыстардың жетілдірілуін айқындайды. Сонымен бірге кері тәуелділік жүйке жүйесінің қызметін жаттығудың әсерімен жетілдіру де байқалады. Мақсатты басшылыұ жасау жағдайында негізгі қозғалыстарды дамыту психикалық процестерді: таным процесін – зейінділікті, қабылдауды, ойша болжауды, көз алдына елестетуді, ойлауды; жігерлілік процесті – жалпы өмірлік көңіл күйді өсіруді, сезімталдыққа, мүдделілікке және өз іс- әрекетіне белгілі бір көзқарасқа баулуды қалыптастырумен байланысты.

Негізгі қимыл- қозғалыстар баланы түрліше бағдарлай білуге тәрбиелеуге; кеңістікте – қозғалыс бағытын, заттың алыстығы мен тұрған орнын, заттардың кеңістіктегі арақатынасын бағдарлай білу , көзбен баұылап білуді дамытуға; уақыт жөнінде -жаттығулардың орындалу ұзақтығын және олардың жеке фазаларының дәйектілігін ,қозғалысты белгіленген немесе жеке қарқынмен орындауыд бағдарлауға; ұжым арасындағы қозғалыс кезінде бағдарлауға – қайта сапқа тұрғызу кезінде, балалардың арасында бытырап жүріпкеле жатқан кезде өз орынын табуға көмектеседі. Мұның бәрі өзін қоршаған ортаны ескере білуге және соған сәйкес мақсатты түрде әрекет етуге тәрбиелеуге көмектеседі.

Негізгі қимыл- қозғалыстар эстетеикалық сезімдерді тәрбиелеуде де маңызды: олар тұлғаның әдемі де дұрыс қалыптсауына, қозғалыстың дәл, әсем әрі үйлесімді болуына, ұжымда әрекет ете білуге және кеңістікті толық пайдалануға көмектеседі.

Негізгі өимыл-өозғалыстар – тәрбие және үйрену процесіне біртіндеп пайда болатын күрделі шартты рефлекстер. Мектеп жасындағы бүкіл кезеңде негізгі қозғалыстар дамиды, жетіледі және қозғаушы стереотиптер қалыптасады. Қозғалысты белгілі бір жүйелілікпен , мысалы, , жүру, жүгіру, лақтыру жіне басқа да жаттығулар кезінде сан рет қайталау осы қозғалыстардың әрбірінің жекеленген элементтері арасында уақытша байланысты тудырады. Буын бұлшық еттің алғашқы қозғалысты орындаудан бастталатын сигнал беруді туғызады, олар сол жүйеде қалыптасып автоматтанады. Осы кезде балалрда пайда болған динамикалық стереотиптер тамаша тұрақтылыққа ие болады. Алайда негізгі қимыл- қозғалыстарды балалрға үйрету және олардың бойында дамыту процесінде икемді қозғалыс стереотипін, қозғалысты тез өзгерту қабілетін, қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімділкті біртіндеп қалыптастыруға еркеше назар аудару талап етіледі. Бұл тапсыриалар қозғалыс қарқынын, қозғалыс шартын өзгертетін жаттығулардың әр түрлі нұсқаларын орындау жолымен жүзеге асырылады.

Негізгі қимыл- қлзғалыстар циклді және ациклді болып бөлінеді. Біріншісі үнемі біркелкі циклдерді орындау болып табылады, мұндайда бүкіл дене мен оның жекеленген мүшелері үздіксіз бастапқы жағдайына қайтып келеді. Циклді типтегі өимыл- өозғалыс тез меңгеріледі және автоматанады.Мұның өзі бұл жүйеде осы циклдің қозғағыш элементтерінің дәйектілігін қалыптастыратын циклдерді қалыпты қайталаумен түсіндіріледі. Қозғалыстардың алмасуымен және олардың қайталануы кезінде тиісті бұлшық еттің сезінуімен байланысты циклдердің қайталанатын дәйектілігі осы қозғалыстың ырғағын қалыптастырады.

Ациклді типтегі қмиыл-қозғалыста

...

Скачать:   txt (37.5 Kb)   pdf (104.2 Kb)   docx (16.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club