Механикалық қозғалыс, түрлері. Санақ жүйесі
Автор: ria12 • Сентябрь 23, 2021 • Лекция • 329 Слов (2 Страниц) • 1,993 Просмотры
Механикалық қозғалыс - дегеніміз уақыт өтуіне қарай дененің немесе оның кейбір бөліктерінің басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орын ауыстыруы. Механикалық қозғалыстың ең қарапайым түрлері ілгерілемелі және айналмалы қозғалыс болып табылады.
Санақ жүйесі — материалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жүйесі мен сағаттар жиынтығы
Материялық нүкте - деп қозғалыстың қарастырылып отырган жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.
Траектория – дененің жүріп өткен ізін көрсететін үзіксіз сызық
Жол – траекторияның ұзындығы
Орын ауыстыру – бастапқы нүкте мен соңғы нүктені қосатын ең түзу.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс – кезкелген бірдей уақыт аралығында дене бірдей орынауыстыру жасайтын қозғалыс.
Орташа жылдамдық - барлық жүрген жолдың барлық уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама [м/с], скаляр.
Лездік жылдамдық - траекторияның берілген нүктесіндегі, берілген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығы [м/с], вектор.
Үдеу — жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама
Жарықтың әсерінен сұйықтардан және қатты денелерден электрондардың бөлініп шығу құбылысы фотоэлектрлік эффект (фотоэффект) деп аталады
Фотоэффектінің түрлері
1. Сыртқы фотоэффект – қатты жєне сұйық заттардан электромагниттік сәулелену әсерінен электрондар шығаруы.
2. Ішкі фотоэффект – конденсирленген ортадағы жарық кванттарын жұтып, электрондардың энергетикалық деңгейде қайта бөліну құбылысы
3. Вентильді
...