Негізгі педагогикалық ұғымдардан глоссарий құрастыру
Автор: Anar05 • Сентябрь 24, 2021 • Контрольная работа • 1,039 Слов (5 Страниц) • 830 Просмотры
1. Негізгі педагогикалық ұғымдардан глоссарий құрастыру
2. Жоғары мектеп педагогикасы бойынша ғылыми әдебиеттердің библиографиялық тізімін құрастыру (таңдау бойынша біреуіне аннотация жазу).
Авторитарлық қабілет – педагогтың тез арада құрметке, кейіннен беделге ие болуын атайды. Педагогтың беделі оның терең білімі мен ізденімпаздығы, шығармашылдығы, сондай ақ өз қызметіне сүйіспеншілікпен, ынта-ықыласпен қарауы, өзіне және өзгеге талап қоя білу сынды қасиеттермен айқындалады.
Андрогогика – ересектерді оқыту жөніндегі ғылым.
Арнайы педагогика – дене дамуында ауытқуы бар адамдарға (ересектер мен балалар) білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, принциптерін, формалары мен тәсілдерін зерттейді.
Әлеуметтік педагогика – отбасылы педагогика, тәртіп бұзушыларды қайта тәрбиелеу педагогикасы болып бөлінеді.
Білім - адам ойындағы шындықты дұрыс бейнелеуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс әрекеті нәтижесінде пайда болады.
Білім беру - жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы.
Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі.
Гностикалық қабілет – педагогтың өзінің кәсіби әрекетіне, сондай-ақ ұжымның ахуалына талдау жасауы, топ ішіндегі кикілжіңдерді анықтап, оларды жою, ұжымды біріктіру, оқу процесіне деген жауапкершілігін арттыру, топ белсенділерін анықтау, әрбір студенттің даму және қалыптасу деңгейін анықтап , оларға оң сипаттама беру.
Дидактика – гректің didaktikos деген сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынаны білдіреді.
Дидактикалық қабілет – оқу-тәрбие процесін тиімді құра білу.
Жалпы педагогика – адам тәрбиесінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін базалық ғылыми пән.
Жас ерекшелік педагогикасы – адам тәрбиесінің заңдылықтарын зерттеп, жас кезеңдеріне байланысты оқу-тәрбие қызметінің мазмұнын, ерекшелігін айқындайды. Жас ерекшелік сипатына қарай мектеп алды педагогикасы, орта мектеп педагогикасы, орта арнайы білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы (андрогогика) деп бөлінеді.
Жоғары мектеп педагогикасы – жоғары оқу орындары оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын, механизмдерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Жоспарлау - ол бүкіл қызмет сапасын жоғарылатуға бағытталған шаралары мен қызметтердің негізгі түрлерінің анықтамасы.
Коммуникативті қабілет – педагогтың өзгелермен, олардың ішінде студенттермен жеңіл, оңай байланыса білу, қалыптасқан оң қарым-қатынасты ұзақ мерзім бойы сақтау мүмкіндігі.
Қабілеттер - қызметтің белгілі бір түрлерін сәтті орындаумен шартталған тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктері.
Логопедия – сөздегі мүкістік және оны жою жолдарымен айналысады.
Оқу - тану,жаттығулар және меңгерілген тәжірибе негізінде тәртіп пен қызметтің жаңа формалары туындап, бұрын игерілгені өзгеріске ұшырайтын процесс.
Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиіс білімдердің, біліктер мен дағдылардың көлемінің мазмұнын анықтайтын құжат.
Оқу жоспары - бұл оқу жылының, тоқсандықтар мен демалыстардың ұзақтығын, берілген оқу орнында оқытылатын пәндердің тізбегін, оқыту жылдары бойынша пәндерді бөлуді, әрбір сыныптағы пәнді оқытудағы және бүкіл оқыту уақытындағы әрбір пән бойынша сағат сандарын әрбір пәнді оқытудың апталық сағат санын, практикумдардың, жиналыстардың және т.б. құрылысы мен ұзақтығын анықтайтын оқу орнының
...