Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұғалімнің педагогтық әдебі мен мәдениеті

Автор:   •  Декабрь 12, 2018  •  Реферат  •  792 Слов (4 Страниц)  •  3,028 Просмотры

Страница 1 из 4

« Мұғалімнің педагогтық әдебі мен мәдениеті»«Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен,педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, педагог ұзтаздық шеберлікке қолы жетпейді» К.Д.Ушинский. «Әдеп»сөзі(латынша) «жұғысу», «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Әдеп-белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі. Педагогикалық әдеп-оқытушының аса бағалы педогогтық қасиеті,бұл қасиет оған педогогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді.Мұғалім сахнадағы актер сияқты әркашан көз алдыңда жүреді.Қарым-қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығын, идеялық сенімнің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, ягні ақыл-ойының көрінісі. Әдеп-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына кажетті жағдай. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып есептеледі.Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілдік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, байсалдылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілшектік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады екен. Мұндай айрықша белгілер әдепті мұғалімнің бойында да болуы тиіс.Педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігі, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады.1.Мұғалімнің сыртқы келбетімәдениеті:2.Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі:3.Мұғалімнің мимика және пантомимо ишараларын (жест) мәнерлі негіздері:4.Мұғалімнің мәдениеті, әдебі сөйлеу шеберлігі, шешендіқ қасиеті, демалу, дауысдикциясы, интонациясы.

Мұғалімнің сыртқы келбеті-дегеніміз не?Мұғалім үнемі классикалық үлгіде киіну керек. Ақ кофта, оның жағасы болуы керек,кара немесе көк түстегі юбка.Ақ кофтанын сыртынан жакет киіуге болады.Егер жағасы жоқ кофта болса сыртынан пиджак киген дұрыс.Кофталардың кеудесі катты ашық болуға болмайды. Жылтыр тастары бар түрлі-түсті футболкалар киуге катаң тыйым салынады. Юбканыңұзындығы тізеден немесе тізеден аздап түсіп тұры тиіс. Шаштары ұзын болса үнемі жыйналып, самай шаштары шығып тұрмағаны дұрыс.Қысқа болса әдемі қыйылған болу керек. Аяққа туфли өте биік кажет емес.Жұмысқа келгенде екінші аяк киім болу міндетті.Туфли тандағанда алды, арты, жабықтығын ескеру керек. Сабақ қезінде,педсоветке барғанда, баяндама оқығанда аяққа (телесный) ашық қоңыр түстегі колготки киіу кажет.Тырнаққа да көңіл бөлген жөн. Үнемі маникюр жасалып ,боялып турса әдемі көрінеді. (онда да өте қанық түс болмайды.) Ал егерде тырнағы дұрыс алынбай, оның үстіне жаққан бояуы жарым жартылай ,алақ-жалақ болса ,ол өзгелер тұрсын өз-өзін мүлдем сыйламайтын педагог ретінде саналады. Ата-ана келгенде әдемі болып шығу керек.Осы карапайым ғана ережелерді сақтасаңдар сендерге құрметпен карайтын болады.Болашақ ұрпақ бізге қарап бой түзейтін болады.2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.Педагогиқалық шеберлік-тек қана мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдісдемелік сауаттылығы ғана емес, ол-әр-сөзді балаларға жеткізе білу.Ұстаздық шеберлік:1.Педагогтың өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі:2.Өз жұмысын жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп,әдет, дағды сияқты моралдықнормалады сіңіре білгендігі:3.Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген білгенін қызықты кылып өткізе алатын,педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.Педагогикалық шеберлікте педогогикалық техникаға мән беріледі.Педагог әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы балаларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.Сөйлегенде сөздің дұрыстығына көңіл бөлген жөн.Әдепті және қарым-қатынас мәдениетінің негізгі талаптарын білу педагогтың өзіне де, өзі оқытып, тәрбиелеп жатқан балаларға да қажетті.Әр баланың бойындағы басқаға ұқсамайтын қабілетерін байкап, оны аша білу мұғалімнің педагогиқалық шеберлігіне де байланысты . Шебер педагог болмай тұрып,әдепті педагог болмақ жоқ.Шебер мұғалім тапсырманы, әр түрлі ырғақпен, әр түрлі көңіл-күймен өткізе алады.Сонымен қатар ынталандыру, жазалау және мадақтау тәсілдерін пайдалана отырып, педагог әр балаға қатысты ерекше әдепті болуы тиіс. Жаза қолдану кезінде тәрбиеленушіге құрмет пен талапты біркелкі коя білу өте маңызды.Бала қылығына ренжуге,әсіресе бар ашуды баладан алуға ,жеке басын қорлауға жол берілмеу керек.Кәсіби этика әріптестерімен және басқа адамдармен түрлі жағдайларда ,ресми және бейресми қарым-қатынастар барысында қөрінетін маманның жалпы мәдениеті жоғары болуын көздейді.Демек педагогтың өмірінде қарым-қатынас мәдениеті ерекше рөл аткарады. 3. Мұғалімнің мимика және пантомимо ишараларын (жест) мәнерлі негіздері.Педагогикалық техника –педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешеңі.Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемділігі, жест және мимиканы , пантомимиканы қолдана білу икемділігі, өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін,көңіл-күйін-баскара алу икемділігі өзін-өзі сырттай көре алу икемділігі.Сөйлеу кезінде колыңызды айкастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбенбұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмау керек сөйлеу кезінде оңға ,солға емес алдыға артқа қозғалған дұрыс. Тәрбиеленушілермен қарым-қатыста тілдесуді «тік»,жоғарыдан төмен қарай эмес (педагог баладан биік)керісінше, «көлденең»(педагог пен бала бірдей)дәрежесінде ұйымдастырған жөн. Қарым-қатынас жасаудың стратегиясы мен әдіс , жолдарын ойластырып алыңыз, баланың санасы мен мінез құлқына ықпал ететін әдістерді тандаңыз .А.С. Макаренко «Мен» тек «бері кел »деген сөздерді 15-20 түрлі реңмен айта білгенде, бет әлпетімнің, тұрған тұрысымның, даусымның 20 түрлі қылып өзгертуді үйренген кезде ғана өзімді нағыз шебер деп есептей бастадым Бірақ, маған біреу осыдан кейін келмесе де не керек екенін сезбесе де мен қорыққан жоқпын»-деп жазган болатын .4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі сөйлеу шеберлігі, шешендіқ қасиеті, демалу, дауысдикциясы, интонациясы. Мұғалім жұмысында педагогтіқ әдеп сақталмайынша оқышылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жок.Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру,әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса, ренжіп калады Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек.Өткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшак сызат түсет. Сабырлық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.Сондықтан ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер, ұйымдастырушылық шеберлік қажет. «Ақырын жүріп анық бас,Еңбегің кетпес далаға,Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айткандай ұстаз үшін кәсібі шеберліке жету,бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. 

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (103.1 Kb)   docx (218.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club