Механикаландырылған жұмысшы мұнарасының технологиялық сызбалары
Автор: anelya-29 • Июнь 25, 2020 • Доклад • 982 Слов (4 Страниц) • 909 Просмотры
ҚР Ғылым және Білім министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
СӨЖ №4
Механикаландырылған жұмысшы мұнарасының технологиялық сызбалары
Орындаған :
Тобы: ТХ-17-11
Тексерген :
Алматы,201
Тұрақты механикаландырылған астық қоймаларындағы үстіңгі және төменгі транспортерлер арқылы олардан босату және толтыру, сонымен қатар қабылдау, тазарту, кептіру, арту жұмыстарын жүргізген кезде жұмысшы мұнараларын пайдалану технологиялық операциялары орындалады.
Жұмысшы мұнараларының биіктігін аласыздығына байланысты келтіру және тазарту жабдықтарының үздіксіз жұмыстарын жүргізу үшін қолданады. Онда астыңғы және үстіңгі қораптар қойылмайды. Сондықтан мұнараларының ішінде арнайы нориялар көбінесе көп сатылық нұсқа бойынша астықты көтергендіктен, оның оперативтік деңгейі және жабдықтарды тиімді пайдалануы байқалады.
Механикаладырылған астық қоймаларының жұмысы мұнараларының атқаратын қызметтеріне байланысты мына түрге бөлінеді:
- Тазарту жұмысшы мұнарасы (ТЖМ), РБО;
- Келтіру, тазарту мұнарасы (КТМ), СОБ;
- Жай механикаландырылған мұнара (ММ), МВ;
- Жүгері дәнін сабағынан жармалау, дәнді жіберу және тазарту мұнарасы (МТМ), МОБ-МК.
Топтастырылған бір тізбектегі (үш-төрт) қойманы механикаландыру үшін 1953 жылы өнімділігі 100 т/сағ болатын транспорттық жабдықтан тұратын (екі нориясы, жеті транспортері бар) жұмысшы мұнарасының жобасы жасалды. Мұнда астықты тазарту үшін КДП-80 маркалы тазартқыш жабдығы қолданылады. Мұнараның биіктігі 24,5 м-ге көтеріледі. Бұл мұнараның жұмыс атқару қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, бері келе 1954 жылы ТЖМ 3x100 (РБО-ЗхЮО) типтегі жаңа жоба пайда болды. Бұл жобада өнімділігі 100 т/сағ болатын транспорттық жабдық және тазартқыш қарастырылады. Қабылдау, тазарту және астықты тиеу жұмыстарын бір мезгілде жүргізуге мүмкіндік туды. Астықты автоматты таразыда өлшейді. Кейінгі жылдары бұл типтегі мұнара техникалық жағынан толықтырылды. Астықты көліктен түсіру үшін үлкен аударғыштар (ГУАР-30 м, У15-УРВС жэне т.б.) және вагонға астықты тиеу үшін вагонның үстіне тиеу шанақтары қойылады. Оңтүстік аймақтарда жүгері өсіретін жерлерде, астықты қабылдау өндірісінде МОБ-МК мұнараларын көптеп салды. Бұл мұнара бес қабаттан тұрады. Жалпы биіктігі-14 м. Мұнда мына жабдықтар бар: жармалау агрегаты, тазартқыш автоматты таразы және мұнаралардың жанына ДСП -32 от кептіру агрегаты қойылған. Жүгерінің собығы қабылдау қондырғысынан көлбеу және жоғарғы транспортер арқылы қоймаға жіберіледі.
Қоймадағы көлбеу транспортер арқылы жүгерінің собығын қайтадан мұнараға көтеріп, жармалау агрегаты жүгерінің дәнін собығынан айырып, тазарту машинасына жібереді.
Солтүстік аймақтарда қабылдау өндірістеріне егін даласынан келіп түскен астық көбінесе ылғалды түрде болады. Сондықтан бұл өндірістерде мына түрдегі мұнаралар кеңінен орын алған: СОБ-МК, СОБ-СК, СОБ-ПО, СОБ-ІК, СОБ-ІС жэне СОБ-ІБ. Алғашқы пайда болған мұнара СОБ-МК, бұл Қазақстандағы астықты қабылдау өндірістерінде кең таралған. Технологиялық сызбасы :
[pic 1]
СОБ-МК технологиялык схемасы
1-вагон; 2-автомобильден қабылданатын астық қораптары; 3-конвейер;
4-нория; 5-сепаратор; 6-шынжырлы конвейер; 7-құрғақ астыққа арналған
қорап; 8-ылғал астыққа арналған қорап; 9-автоматты таразы; ІО-ДСП-24-
СН астық кептіргіші; 11 - тарақты конвейерлері.
Бұл мұнара күніне мына шамадағы жұмысты атқара алады:
- астықты көліктен қабылдау-1200 т;
- тазарту-1280 тонна;
- кептіру-573 жоспарлы тонна;
- вагонға тиеу-1200 тонна.
Мұнараның жоспардағы өлшемі-12х12 м, ал биіктігі-17 м.
Ғимарат қабаты -4 қабаттан тұрады.
Мұның ішінде екі кептіргіш, өнімділігі 80 т/сағ болатын бір тазартқыш, автоматты таразы (ВАП-500) жэне бес ленталы транспортер, үш шнек қойылған.
...