Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Когнитивті оқытудын ерекшелiгi

Автор:   •  Декабрь 5, 2021  •  Доклад  •  1,538 Слов (7 Страниц)  •  444 Просмотры

Страница 1 из 7

УДК 37.012.

КОГНИТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Куанышева Кунсулу Сергеевна

М. Өтемісов атындағы БҚУ магистранты

Ғылыми жетекшісі – Хасанова Инкар Утебаевна

Khassanova.inkar@mail.ru

М. Өтемісов атындағы БҚУ доценті, п.ғ.к.

Қазақстан, Орал

Аннотация: Мақалада педагогика ғылымында когнитивті оқыту әдістемесінің зерттелуі мен когнитивті оқытудың ерекшелігі сөз етіледі.

Кілттік сөздер: Сөйлеу тілі, сөйлеу дағдылары, когнитивті оқыту, танымдық әрекет, когнитология ғылымы, когнитивті тіл білімі, тілдік ойлау, ұлттық таным.

Соңғы жылдары педагогика ғылымында когнитивті оқыту әдістемесі зерттеле бастады. Тәуелсіздік кезеңінде ұлттық жаңғыруға сәйкес, қазақ тіл білімінде қарқынды дамып келе жатқан лингвомәдениеттану және когнитивті тіл білімі ғылымдарының соңғы нәтижелерін мектепте грамматиканы оқытуда пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Тіл табиғатын когнитивті сипатта қарастыратын бұл бағыттың ерекшелігі – тілдік ұғымдарды әбден дәстүрге айналған құрылымдық лингвистикадан өзгешелеу қалыппен жаңа арна үлгісінде таныту. Бұл бағыт – тілдік тұлға келбетін қалыптастырудың ең басты да, негізгі жолы. Ал тілдік тұлға дегеніміздің өзі – ұлттық тіл ортасында, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген, ұлттық рух пен ұлттық тілді толық меңгерген жеке адам, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған жеке тұлға. Сайып келгенде, мұндағы басты мақсат – грамматикалық ұғымдарды меңгертуді ұлттық танымдық санамен байланыста алып, білім, білік, дағдыны ұлттық менталдық деңгейінде қалыптастырып, елін сүйген, саналы жеке тұлғаны тәрбиелеу [1].

Когнитивті оқытудың ғылыми негіздері тіл біліміндегі когнитивті лингвистиканың негіздерін басшылыққа алады. Когнитивті категориялар тілді когнитивті оқытудың негіздері болады.

Когнитивтік бағыттың басты мәселесі – Г. Гиздатовтың басты тұжырымы бойынша санадағы білімді жүйелеу, ал тілді табиғи жүйелейтін оның өзіндік ішкі заңдары. Бұл заңдар тілдің танымдық және коммуникативті қызметін реттеп отырады, сол себепті бастауыштан бастап тілді және оның бірліктерін ұлттық танымдық әдістемеге құрып оқыту өзінің заңды нәтижесін береді деп топшылаймыз. Ғалымдардың тұжырымдауынша, ғаламның тілдік бейнесі баланың тілінде қалыптасады. Бала ғаламды тіл арқылы таниды, сонда баланың тілінде ғаламның қарапайымдалған түрі көрінеді.

Орыс тіл білімінде Ю.С. Степанов, А.П. Бабушкин, Е.С. Кубрякова, В.И. Карасик, В.А. Маслова сияқты когнитивистер қалыптастырған әртүрлі деңгейдегі мектептер болса, қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың терең мәселелері Ж.А. Манкеева, Н. Уәли, А. Ислам, Э.Н. Оразалиева, Г.Е.Утебалиева, А.Б. Әмірбекова т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылуда.

Тілді танымдық құрал ретінде оқып-үйрету маңызды мәселеге айналып отырғандықтан, тіл заңдылықтарын оқыту әдістемесін танымдық тұрғыдан зерделеу – бүгінгі өзекті, маңызды мәселелердің бірі болып саналуда. Қай кезеңде болмасын қазақ педагог ғалымдарының қазақ балаларына білім, тәрбие беру мәселелерін сөз еткенде, тілдік ұғымдарды когнитивті оқытуға қатысты ой-пікірлерін көптеп кездестіруге болады. Тілші, педагог ғалымдардың ғылыми еңбектерінде қазақ тілін оқытудың танымдық, этнографиялық, ұлттық-мәдени тұрғысынан ерекшелігі айқындалып тұрады.

Біздің пікірімізше, таным көзін құраған тілдік материалдар сол кездің өзінде таза теориялық қағидаларға ғана емес, идеялық-рухани тәрбиеге де, халықтық дүниетанымға да арқау болған. Бұдан ғалымдардың бастауыш мектептен бастап оқушыларға тілді үйретіп қана қоймай, тілді таныту қажеттілігіне, әсіресе, ұлттық ойлау мен қабылдауға көңіл бөлгенін байқауға болады.

Білім берудің жаңару бағытында жасөспірімдерді ұлттық рухта, ғасырлар

...

Скачать:   txt (22.6 Kb)   pdf (68.9 Kb)   docx (14.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club