Поэзияны аударудын ерекшелiгi
Автор: MakKar • Май 16, 2018 • Доклад • 571 Слов (3 Страниц) • 808 Просмотры
ПОЭЗИЯНЫ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Поэзиялық шығармада аз ғана сөздің аясына көп мағына, көркем, философиялық, эстетикалық ойлар сыйып, бір елдің тіршілік-тынысы, мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрыпы таныстырылады. Поэзия туындыларының аудармасы – рухани-мәдени қатынастың көпірі, дүниежүзі халықтарының арақатынасын жақындастырудағы, өркениетті табыстырудағы, мәдениетті таныстырудағы «жәрдемші» деп атауға болады. Поэтикалық шығармалар аудармасын зерттеуші Е. Эткинд: «Поэзия – ұлттық тілдің тіршілік етуінің ең жоғарғы формасы. Поэзия шығармашылығында халықтың рухы – оның тарихы және мәдени дамуының, мінез бітімінің ерекшелігі барынша толық көрінеді. Басқа халықтың поэзиясын түсіну басқа ұлттық мінезді, басқа мәдениеттің сезім әлемін түсіну деген сөз» - деп поэзия аудармасы арқылы бір ұлттың әдебиеті мен тілі ғана емес, ұлт болмысының өзі әлемге таныстырылатынын айтқан. Сондықтан поэзия аудармасы - аударматанудағы ең бір күрделі және терең зерттеуді қажет ететін аударманың түрі. Сонымен қатар, оның басқа аударма түрлерінен ерекшеленетін тұстары бар.
Профессор Ә.Тарақов поэзия аудармасына тән мынадай ерекшеліктерді айқындайды: «Поэзия аудармасында ең алдымен көзделетіні – сөз, содан кейін поэтикалық мазмұн. Поэзия аудармашысы сөздің мән-мағынасын, дыбысталуын, образдылықты, синтаксистік және стилистикалық құрылымын (элементтерін) дұрыс жүйелеп, саралай білуі арқылы түпнұсқаның көркемділігіне, ырғақтық-әуездік сөз үйлесімділігіне, мағыналық толық қуатына жеткізуге ұмтылады. Нағыз классикалық өлең дәрежесіне жеткізу – аудармашы талантының шыңы». Сондай-ақ профессор Т.Есембеков поэзия аудармасы мәселесіне қатысты: «Поэтикалық аудармада өлшем мен ұйқастың сәйкестігін сақтау аздық етеді. Өлеңге тән әуенділік, саздылық сияқты қасиеттер мен бірге мәтіннің фонетикалық ерекшеліктеріне де назар аудару керек. Поэтикалық аударма автор қолданған барлық бейнелеу мен суреттеудің амал-құралдарын қатаң есепке алуды талап етеді. Аудармашы ондағы ой, сезім, тәжірибе, пәлсапалық ұғым, образдың қай қайсысының жинақталып бейнеленгенін ажыратып алғаны дұрыс. Поэтикалық аударма мәселелері поэзиялық мәтіннің ерекшелігіне, оның мәдени-тілдік, образдылық қасиеттеріне байланысты. Мұндағы әдеби пішінге деген ерекше көзқарас, сөздің семантикалық-стилистикалық өрісінің сан алуандылығы аударма үдерісіне салмақ түсіреді», - деген пікір айтады. Ал, академик З.Ахметов: «Поэтикалық шығармада ойдың, сезімнің мағыналығымен қоса бейнелілігінің, көркемділігінің мәні зор. Әр сөздің мазмұны – мағынасымен бірге ырғақ-әуезділігі де оқушыға үлкен әсер етеде. Сөз өнеріне, әдеби шығармаға тән ойдан шығару, әсерлеу, көркемдік шарттылық та поэзияда өзінше сипат алатын», - дейді. Осының бәрі поэзияны аударудың оңай емес және ерекше аударма түрі деуге болатынын көрсетеді.
...