Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Автор: Fariza Sarsekeyeva • Апрель 13, 2018 • Реферат • 1,640 Слов (7 Страниц) • 1,114 Просмотры
АҢДАТПА
Смағұлов Дархан Бақытбекұлының
6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алуға дайындаған «Қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдарының жартықанды будандарының селекциялық белгілерінің фенотиптік және генотиптік өзгергіштігі» диссертация жұмысына
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Құйрықты қой шаруашылығы – Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші, әрі ерекше саласы болып табылады. Еліміздің кең алқап табиғи жайылымдарын тек жергілікті қой түлігі ғана толығымен тиімді пайдалана алады. Жайылым жерлерінің мол болуы – республикадағы етті-майлы бағыттағы қой шаруашылығын экономикалық тұрғыда тиімді салаға айналдыру мүмкіндігін барынша арттырады. Бұл бағытқа жататын қой тұқымдарының негізгі ерекшеліктерінің бірі – олардың тез жетілгіштік қасиеті мен қатаң табиғи-климаттық жағдайларға бейімделгіштігі.
Қазіргі таңда халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін неғұрлым тиімді жолдар арқылы шешу мақсатында табиғи-климаттық және экономикалық жағдайларға бейімді, әрі ет өнімділігі барынша жоғары, қолдағы өсіріліп отырылған арнайы етті-майлы бағыттағы қой тұқымдарының генофондын рационалды пайдалану қажет. Республикамызда дәстүрлі түрде дамып келе жатқан бұл сала халықты сапалы, әрі арзан қозы етімен, ал жеңіл өнеркәсіп кешенін ақшыл қылшық жүн өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.
Осы тұрғыдан алғанда, отандық қылшық жүнді құйрықты қойлардың ішіндегі ҚР АШМ 22.01.1999 ж. №11 бұйрығымен бекітілген жүні ақ және ақшыл-сұр түсті сарыарқа қой тұқымының алатын орны ерекше зор. Оның негізінен жүн сапасымен және кейбір экстерьерлік белгілерімен ерекшеленетін «Жаңаарқа» және «Сарысу» деп аталатын 2 тұқымішілік типтері бар. Жаңаарқа типі өз популяция шеңберінің деңгейінде 90% үлесті алып отыр. Бұл қойларды Қарағанды облысындағы «Жеңіс» асылтұқымды зауыты мен «Мақсат» шаруа қожалығы және де Алматы облысындағы «Руслан» асылтұқымды шаруашылығы өсіреді.
Бірқатар зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша «Жеңіс» асылтұқымды зауытында өсірілетін қойлардың тұлғалары орташа, тұрқылары жеңіл, дене салмақтары төмен және де шаруашылыққа пайдалы белгілерінің өзгергіштігі аз мөлшерде болғандығы анықталған. Қойлардың тірілей салмағы мен жүн түсімінің фенотиптік өзгергіштік коэффициенті тиісінше – Сv = 5 және 8% тең болған. Бұл жағдай, селекциялық жұмыстардың нәтижесіне айтарлықтай кері әсер беретіндігі және оның қарқындылығын барынша баяулататыны белгілі.
Сол себептен, 2004 ж. бастап Орталық Қазақстан жағдайындағы «Жеңіс» асылтұқымды зауытында өсірілетін қойлардың бірқатар селекциялық белгілерін жетілдіру мақсатында кіріспе будандастыру әдісі арқылы еділбай тұқымының, ал 2011 ж. – қазақы қылшық жүнді құйрықты тұқымының ішіндегі аққарабас типінің аталық қошқарлары қолданылып келеді.
Тұқымаралық будандастыру жолының алғашқы міндетіне, әрине дүние жүзі бойынша өсірілетін ең ірі тұқымның генофондын пайдалану нәтижесінде қойлардың дене салмақтарын арттыру, ал ІІ – ет-май сапасын жақсартуда қол жеткізген деңгейді барынша сақтай отырып, жүн өнімділігін типтендіру мен консолидациялау көзделген.
Бұл тарапта, қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдарын будандастыру жолы арқылы алынған бірінші ұрпақтардың негізгі селекциялық белгілерінің фенотиптік және генотиптік өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттеу, әрі оның нәтижесінде сарыарқа қой тұқымының генетикалық әлеуетін жетілдіруге бағытталып, ғылыми тұрғыда негізделген тиімді селекциялық әдістерін меңгеру диссертация жұмысының өзектілігін айқындайды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және ғылыми нәтижелері Жұмыстың мақсаты – «Жеңіс» асылтұқымды зауытында өсірілетін
қойлардың жүн өнімділігін типтендіру мен консолидациялау, сонымен қатар ет сапасын жетілдіру мақсатында селекциялық материал ретінде қолданылатын қазақы қылшық жүнді құйрықты тұқымының ішіндегі аққарабас типінің аталық қошқарларын сарыарқа тұқымының жаңаарқа типі саулықтарымен будандастыру нәтижесінде алынған ұнамды типтегі бірінші ұрпақтардың негізгі селекциялық белгілерінің фенотиптік және генотиптік өзгергіштігін зерттеу.
...