Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зерттеудің көкейкестілігі

Автор:   •  Январь 21, 2018  •  Автореферат  •  658 Слов (3 Страниц)  •  904 Просмотры

Страница 1 из 3

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгерді. Бұл өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың  жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың мектепте оқуға әзірліктерін жүзеге асыруда таным процестерін дамыту жұмыстары қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, оқушылардың танымдық іс-әрекетін бастауыш мектеп жасында белсендіру проблемасы қазіргі уақытта өзекті мәселе.

Таным процестерін дамыту жұмыстарының  негізгі бағыты – жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы мектепке әзірліктің жоғары деңгейге жетуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш буын

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру, таным процестерін дамыту жұмыстарының теориялық негіздерін айқындап, талдаулар жасау, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

1. философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау негізінде “танымдық іс-әрекет”, “танымдық белсенділік”, “мектепке дайындауда таным процестерін дамыту” ұғымдарының мәнін, мазмұнын ашу;

2. бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту жұмыстарының теориялық негіздерін анықтау;

           3. оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту жұмыстарына талдау жасау және оның тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу, танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын анықтау.

 Зерттеудің болжамы: егер бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту құндылық бағдар ретінде мәні ашылып, жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды өзегі деп танылса:

- бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамыту жұмыстарының құрылымдық-мазмұндық моделі жасалса, оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға,   ақыл – ойын    дамытуға, жетілуіне түрткі болатын таным процестерін дамытатын  тиімді әдіс – тәсілдерін қолданып, оқушыларды бүгінгі қоғам талабына сай бейімделген, ойлау белсенділігі ұшқыр, жан-жақты, өзін-өзі үнемі дамытуға бағыттайтын, ізденімпаздық іс-әрекетте белсенді мектепке дайын оқушыны қалыптастыруға болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: психологиялық, педагогикалық ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау, сауалнама жүргізу, танымдық қабілеттерін қалыптастыруда жолдарына талдау жасап,  педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижелері.

философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы, іс-әрекет және қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар, жеке тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы, жүйелі дамыта оқытудың іс-әрекеттік теориясы, оқушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру теориясы, ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы, ғылым мен практиканы интеграциялау теориясы т.б.

...

Скачать:   txt (9.9 Kb)   pdf (107.7 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club