Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша физика пәнінен оқушылардың білімін бағалаудың критерийлері
Автор: Talshyn26 • Декабрь 4, 2022 • Курсовая работа • 15,985 Слов (64 Страниц) • 315 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................4
1 Физикадан жаңартылған білім берудің жаратылыстану жаратылыстану пәндерін оқытудағы маңызы......................................................................................6
1.1 Физикадан жаңартылған білім берудің жаратылыстану жаратылыстану пәндерін оқытудағы маңызы......................................................................................6
- Жаңартылған білім берудегі физиканы оқытудағы әдістерінің түрлері.........................................................................................................................14
- Жаңартылған білім беру бойынша физикадан өткізілетін сабақтың құрылымы мен мазмұны...........................................................................................29
2 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша физика пәнінен оқушылардың білімін бағалаудың критерийлері............................................................................39[pic 1]
2.1 Жаңартылған білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен әдістері........................................................................................................................39
2.2 Қазіргі кездегі оқытудағы білімді тексеріп бағалаудың жаңа технологиялары.........................................................................................................42
2.3 Кез келген мектептегі оқушылар жетістіктерін бағалаудағы халықаралық тәжірибе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мысалында критериалды бағалау жүйесін енгізудегі тәжірибе.....................................................................................45
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................58
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:Қазіргі таңда әлемде техника мен технологияның даму қарқыны күн сайын артуда. Заман ағымы адамзат өміріндегі бұрын соңды болмаған жаңа жетістіктер мен жаңалықтарға толығып барады.
Технологиялық прогресс әлемнің дамыған мемлекеттерінде әлдеқайда алға жылжып жатыр.
Дамыған елдермен бір қатарда дамушы елдер бәсекелестікке ұмтылуда. Әрине, бәсекелестік дамудың бірден-бір қозғалтқышы болып саналады. Сонымен бірге, Қазақстанның да әлемдегі бейнесі тәуелсіздігімізді алғалы бері әлдеқайда өзгерді. Қазақ халқы: «Ел болам десең бесігіңіді түзе» дегендей, бәсекелестікке қабілетті мемлекет болу үшін еліміздің өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың берілетін білім, тәрбие және дағдының сапасынан тәуелді.
Сонымен қорыта айтқанда жаңартылған оқу бағдарламасын қолдану кезде оқушылардың пәнге ынтасын, ойлау қабілеттерін дамытамыз. Сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, өз ойын сауатты және толық жеткізу дағдыланырын жетілдіреміз, алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға, сауатты ұрпақтарды тәрбиелеуге жол ашамыз.
Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдер бойынша оқытып, ой-өрісі жоғары , саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де сол себептен туындайды. Сол себепті ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеріп оны тиімді пайдалану міндеті қойылып отыр. Сонымен білім беру мазмұнын жаңарту – қазіргі заманның талабы.
Болашақтағы күтілетін нәтиже:
- Сабаққа түрткі сұрақтарды пайдалану оқушылардың сабаққа ынтасын, белсенділігін көтереді, сөздік қорын молайтып, оқушылар топта ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады.
Кез келген белсенді оқыту әдістерін пәнді оқуда қолдану бақылау, тәжірибе жасау және алған білімдерін жүйелеп жалпылау, ғылыми теория негізінде құбылыстарды түсіндіріп , шығармашылық таныту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру оқушылардың ғылыми дағдыларының дамуына ықпалын тигізеді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктерінің бірі пән аралық байланысты жүзеге асыру болып табылады.
Зерттеу мақсаты
Кез келген сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық құралдарды жиі пайдалану, қарым-қатынас жасаудың әр түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады және оқу – тәрбие үрдісінде сынып оқушыларын жеке , жұптық, топтық жұмыста өзіндік бағалауын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтап және әдістемесін жаса, қолдану.
...