Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер
Автор: fiko.12 • Май 7, 2020 • Курсовая работа • 5,118 Слов (21 Страниц) • 1,038 Просмотры
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер
Тексерген: Умбетова Жансая
Орындаған: Шамшеева Айжұлдыз
- – 2020 оқу жылдары
Жоспар:
I. Кіріспе .....................................................................................................................
II. Негізгі бөлім:
1. Теориялық бөлім
1.1 Жаңартылған білім беру мазмұны және оның тиімді тұстары
1.2 Информатика бастауыш пәнінде жиі қолданылатын әдістер
1.3 Жаңартылған білім берудін информатика сабағындағы маңыздылығы
1.4 Баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Практикалық бөлім....................................................................................................
III. Қорытынды ..................................................................................................
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................
- Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны және информатика пәнінде қолданылатын тиімді әдістерді көрсету.
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда еліміздің бұрынғы Президенті Н.Ә.Назарбаев елімізді әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім . Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.
Қазіргі информатика ұстаздары алдындағы міндет: Информатика пәнінде яғни ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін информатика пәнінің ұстазы үздіксіз ізденісте және кәсіби білікті болуы тиіс. Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.
...