Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Есімнің рең мәнді жұрнақтарының құрамын, жұрнақтардың мағыналық құрылымын анықтап

Автор:   •  Январь 26, 2020  •  Курсовая работа  •  7,519 Слов (31 Страниц)  •  826 Просмотры

Страница 1 из 31

                                                КІРІСПЕ        

Сөзжасамның  қазақ тіл білімінде дербес сала ретінде танылып, зерттеле бастағанына біраз жыл өтсе де, өзінің зерттеуін күтіп тұрған мәселелер жоқ емес. Солардың бірі –зат есімнің рең мәнді жұрнақтары мен олардың семантикасы.  Аталған тақырыпқа қатысты арнайы зерттеу болғанымен, мәселе  өз шешімін толық тапты дей алмаймыз. Себебі, осы күнге дейін морфологияның аясында, зат есімнің сөз түрлендіруші жұрнағы ретінде қарастырылып келген қосымшалар қалай сөзжасамның зерттеу нысаны болады, ол арқылы жаңа мағыналы сөздер жасала ма, әлде сөз формасы туа ма? Қосымшаның сөз тудыру мен форма тудыруының ара жігін қалай ажыратқан жөн деген мәселелер шұғыл түрде шешуді қажет етеді.

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Қосымшалардың қолданысын, олардың сөз табына немесе сөзжасамға қатысын,   білдіретін мағынасын тарихи-тілдік тұрғыдан жан-жақты қарастыру қажеттігі жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеудің нысаны. Зат есімнің рең мәнді жұрнақтарының құрамын,  жұрнақтардың мағыналық құрылымын анықтау. 

Зерттеу пәні. Қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

 Зерттеу жұмысының  негізгі мақсаты – зат есімнің рең мәнді жұрнақтарының құрамын,  жұрнақтардың мағыналық құрылымын анықтап, оның  қазақ тілінің грамматика жүйесінен алатын орнын белгілеу,  реңк мәнді туынды сөздер мағынасының  айқындау.

  Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

  • зат есімнің реңк мәнді жұрнақтарын анықтау;
  • зат есімнің реңк мәнді жұрнақтарының  семантикалық сипатын ашу;
  • реңк мәнді  сөздердің сөзжасам жүйесінен алатын орнын айқындау;
  • зат есімнің реңк мәнді жұрнақтары арқылы келген қолданыстардың жиілігі  мен белсенділігін анықтау;
  • аталған қосымшалардың сөзжасам мен морфология арасындағы аралық құбылыстар ретінде көріну себептерін ашу.

  Ғылыми  жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы.       

         Қорғауға ұсынылып отырған ғылыми жұмыстың нәтижелері  мен қорытындылары тіл білімінің морфология, этимология салаларына қатысты пайымдаулар жасауға мүмкіншілік береді. Жалпы ескерткіштер тілінің морфологиялық құрылымын талдау, жалғаулар мәселесін жүйелеу, оны қазіргі тіл дамуы тұрғысынан зерделеу бірқатар проблемалардың басын ашуда септігін тигізетініне әрі тарихи грамматиканың дамуына оң ықпалын тигізері анық.

Мәселенің дерек көздері. Зат есімнің рең мәнді жұрнақтарының құрамын,  жұрнақтардың мағыналық құрылымын анықтап, оның  қазақ тілінің грамматика жүйесінен алатын орнын белгілеуде,  реңк мәнді туынды сөздер мағынасының  қолданылуына лексика-грамматикалық тұрғыдан жан-жақты талдау жүргізуде отандық, әлемдік тіл білімі ғалымдарының теориялық тұжырымдары мен ғылыми пікірлері басшылыққа алынды. 

Зерттеудің негізгі нәтижелері:

Зат есімнің рең мәнді қосымшаларын сөз тудырушы қосымшалардан ажыратуда төмендегідей критерийлер басшылыққа алынған жөн:

          - жалғанған сөзінің лексикалық мағынасын толық өзгерте алмауы,  сөздіктің реестрлік қатарын құрайтын лексема  жасай  алмауы;

        - жасалған сөзінің  стильдік, эмоциональды-экспрессивтік сипатта болуы;

          - белгілі бір топтағы сөздердің басым көпшілігіне жалғанып, грамматикалық абстракция жасай алуы;

          -қосымшалардың көпқызметтілігі  мен көпмағыналығының нәтижесі болып табылатындығы.  Зат есімнің реңк мәнді жұрнақтары сөз тудырмайды, сөздің грамматикалық формасын тудыратын, яғни сөз түрлендіретін жұрнақтар.

Зерттеу дереккөздері ретінде  тіл біліміндегі ғылыми еңбектер, тарихи жазба мұралар, көрскем шығармалар мен сөздіктерден алынған мысалдар қолданылды.

        Зерттеу әдістері: сипаттамалы,  тарихи-салыстырмалы, лингвостатистикалық әдістер.

Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден,  екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. СӨЗЖАСАМНЫҢ РЕҢКТІК МАҒЫНАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

1.1 Сөзжасамның, оның ішінде зат есімнің реңк мағынасының зерттелу жайы

Түркі тілдеріндегі алғашқы грамматикалардан бастап, сөзжасам мәселесіне назар аударыла бастады. Алғашқы грамматикаларда сөзжасамдық жұрнақтарды көрсетпеген бірде бір ғалымды атау өте қиын. Олардың ішінен А.Казембек /1/, Н.И.Ашмарин /2/, М.Терентьев /3/ П.М.Мелиоранский /4/, Н.Ф.Катанов /5/, Н.А.Ильминскийді /6/ атауға болады. Алғашқы грамматикаларда жұрнақтар сөз болып, оларға мысалдар келтірілсе де, жұрнақтардың мағынасын ашу әрекеті жоқтың қасы десе де болады.

...

Скачать:   txt (84.1 Kb)   pdf (236.9 Kb)   docx (42.6 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club