Ерекше білімді қажет ететін балаларды еңбекке дайындау жүйесінің даму тарихы
Автор: madykhanova99 • Ноябрь 14, 2020 • Реферат • 1,862 Слов (8 Страниц) • 973 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Пәні: Жалпы еңбекке дайындау технологиясы
Тақырыбы: «Ерекше білімді қажет ететін балаларды еңбекке дайындау жүйесінің даму тарихы»
Орындаған: 4 курс студенті Мадыханова Ж.Б
Мамандық: 5В010500 – Дефектология
Мамандандырылу: Олигофренопедагогика
Топ: 2
Қабылдаған: Сабденова Б.А
Алматы – 2020
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Мүмкіндігі шектеулі баланың еңбек іс – әрекеті
2.2. Зияты зақымдалған оқушылырды кәсіби еңбекке оқыту және дамыту.
2.3. Арнайы (түзету) мектептің әр түрінде кәсіби еңбекке оқытудың түзетушілік бағыты.
III. Қорытынды
I. Кіріспе
Педагогикалық теорияның пайда болуына дейін, ежелгі Русьте жастарды көпғасырлық еңбекке баулу практикасының алатын орны айтарлықтай үлкен болған. Еңбекті сую, еңбекке баулу сол кездегі салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрып ішінде маңызды болатын. Феодалдық қауымның пайымдауынша моральды – этикалық нормалар өзіндік мән – мағынаға ие болды. Бай қоғам өкілдері ақсүйектер еңбекке оның ішінде қара жұмысқа көзқарастары теріс болған. Себебі, қара жұмыс қарапайым халыққа тән деп есептеген. Алайда, еңбек халықтың басым бөлігінің өмірлік қажеттілігін өтейтін болғандықтан, өскелең жас ұрпақтың еңбек етуге көзқарасын жақсартты. Осы көрініс әсіресе қарапайым отбасыларда орын алып, халықтық педагогика еңбек етудің маңызын тереңірек талдай отырып, оның халықтың материалдық қана емес сонымен қатар рухани дамуына қажет екенін айтты.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психикалық даму бұзылысы әр түрлі қызметте, оның ішінде еңбектенуде де пайда болады, сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған қызмет оны жеңуге немесе әлсіретуге әсер ететінін есте сақтаған жөн. Зияты зақымдалған тұлғалар үшін ерекше маңыздысы психикалық дамуына әсер ету және әлеуметтік сауықтыру ретіндегі еңбектік қызмет болып табылады. Зияты зақымдалған тұлғаны еңбекке даярлау жүйесі әдетте олардың ересек жастағы мүмкіндіктерін де ескеруге бағдарланған: «Көпшілік ересек адамдар жұмыс істеп, қалыпты әлеуметтік қарам-қатынасты ұстап және қоғамға үлесін қоса алатын болады». Сонымен, әдетте «тапсырманы толық құруды және білікті қадағалауды қамтамасыз еткен жағдайда, тіпті қалыпты зияткерлік дамуы жеткіліксіздердің де қарапайым тәжірибелік жұмысқа» қабілеті болатынын ескеру қажет, ал Ғ71 «білікті емес және жартылай білікті қол еңбегін қоса тәжірибелік қызмет саласына жұмысқа орналастыру» мүмкін болады. Зияты зақымдалған тұлғалардың психикалық даму ерекшеліктері оны еңбекке дайындау процесінде көрініс беретіні сөзсіз. Сонымен, зияты зақымдалған тұлғаларды кәсіптік даярлау саласындағы белгілі заманауи ресей маманы Е.М. Старобина Ғ71 толыққанды кәсіптік даярлықтан өтуге қабілеттілігін растайды. Зияты зақымдалған оқушыларды еңбек процесіне қосу олардың сенсорлық, ойлағыштық және орындаушылық қызметтерін түзету мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. Осы жағдайда оқушылардың қабылдауы мен түсінігі анық көрсетілген пәнге қатыстылыққа ие болады, сондықтан оқушы үнемі нақты нысандармен оның қасиеттерімен жұмыс істейді. Еңбек әрекеті процесінде олардың сезім мүшелері енжар әсер етуден арылады және қабылдаудың белсенді әрекеттік қызметі күшейеді. Қабылдау пәндерін қайта жасау бойынша қызмет баланың сезіну тәжірибесін айтарлықтай байытады: пәннің сыртқы түрі туралы түсінігі, қабылданған нысандар арасындағы қарым-қатынас жөніндегі түсінікпен толығады. Соның нәтижесінде қабылдаудың бағдарлық-зерттеулік және реттеушілік қызметі қалыптасады. Еңбекті дұрыс ұйымдастырған жағдайда ойлау операцияларын тәжірибеде меңгерудің: салыстыру, талдау, жинақтау, жіктеу және әсіресе қорыту мен назар аударудағы өздерінің кемшіліктерін түзету сияқты оқушыларға біршама қолжетімді түзетуді қолдану үшін шексіз мүмкіндіктер беріледі. Осының нәтижесінде логикалық операция ретінде салыстыру тәсілдерін тәжірибеде меңгеру пайда болады. Тәжірибелік дағдыларды ақыл-ой әрекеті жоспарына көшіруге жағдай жасалады. Балалармен еңбек жағдайымен анықталған нақты қарым-қатынас жасауда осы процеске көптеген жаңа лексикалық компоненттердің белсенді қорын енгізу есебінен бұйымдар, бөлшектер, құралдар, жұмыс тәсілдері мен операциялардың атауын білдіретін жаңа сөздер мен терминдерді енгізудің қажеттілігі оқушылардың тілін байытады, ал маңыздысы – балалар тәжірибеде ауызша сөйлеу дағдыларын дұрыс қоюды меңгереді. Еңбек – арнайы мектептерде өзінің тәжірибелік әрекеті мен оны реттеуді ұйымдастыру үшін сондай-ақ, ақыл-ой тәсілдері мен әрекеттерін меңгеру қиындығын жеңу бойынша түзету жұмыстарында кеңінен қолданылады.
...