Экономикалық өсуіне ықпал ететін Қазақстан Республикасындағы фирмалардың маркетингтік даму стратегиясын талдауға
Автор: Бақдәулет Ертуғанов • Июнь 15, 2024 • Практическая работа • 6,336 Слов (26 Страниц) • 117 Просмотры
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ
6B04104 - Маркетинг мамандығының студенті Нұрым М.
ХИТУ-дан тәжірибе жетекшісі: Мақсатқызы А.
Кәсіпорын жетекшісі Абилов М.
Алматы 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................................... 2
1. КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ДАМУ ПРОЦЕССІН ҚҰРУ............ 4
1.1. Маркетингтік даму стратегиясының мәні және түрлері............................. 4
1.2 Маркетингтік даму стратегиясын құру процессі......................................... 11
2. КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕМЕЛЕРІ.................. 16
2.1. Фирманың маркетингтік даму стратегияларын салыстырмалы талдау.......................................................................................... 17
2.2. ЖШС «Cement plus m» компаниясының маркетингтік даму стратегиясын құруын талдау............................................................................... 19
3. КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................................................... 20
3.1. Кәсіпорындардың даму стратегиясын жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................................................................................. 25
3.2 Интернет жарнаманы дамыту. ЖШС «Cement plus m» компаниясының даму стратегиясын жүзеге асырудағы негізгі құралы...................................... 26
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тәжірибелік жұмыстың құрылымы мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпал ететін Қазақстан Республикасындағы фирмалардың маркетингтік даму стратегиясын талдауға арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстандағы цемент саласының жағдайы соңғы жылдардағы динамикасы мен нарық сыйымдылығымен анықталады. Соңғы жылдардағы нарықтың өсу қарқыны 20% көрсеткішке жетіп 800 млн. АҚШ доллары барьерін асып түсті.
Қазақстан цемент компанияларының көпшілік бөлігі қызмет көрсетуге маманданған, оны табысы бүкіл цемент нарығының табыс деңгейінің 43,8% құрайды. Бірнеше жылдар бұрын отандық кәсіпорындар ұйымдарының жұмысын автоматтандыру жағынан батыс кәсіпорындарынан артта қалып келсе, қазіргі сәтте көптеген қазақстандық жеке компаниялар және мемлекеттік құрылымдар өз жұмыстарын оңтайландыру мақсатында цемент мамандарға жүгіне бастаған. Компаниялар сапалы техникалық қызмет көрсетуді таңдай отырып қымбат басқару жүйесі мен ERP – жүйесін алуға қаражаттарын аямайды.
Тәжірибелік жұмыстың мәні – ҚР сайт жасау нарығындағы компаниялардың маркетингтік даму стратегиясының негізгі бағыттары мен бағалау әдістерін қарастыру.
Зерттеу объектісі. Қазақстан республикасының цемент саласы, оның ішінде цемент өндіру және осы саладағы қызмет көрсететін компания ЖШС «Cement plus m».
[pic 2]
Тәжірибелік жұмыстың мақсаты – фирмалардағы маркетингтік даму стратегиясын талдаудың теориялық және практикалық негіздерін қарастыру және «Cement plus m» компаниясының маркетингтік даму стратегиясын құруды жетілдіру шешімдерін ұсыну.
Тәжірибелік жұмыстың міндеттері. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін тәжірибелік жұмыстың зерттеу қисыны мен құрылымын анықтаған мынадай міндеттерді шешу талап етіледі:
- Фирманың маркетингтік даму стратегиясының мәні мен мазмұнын айқындау.
- Маркетингтік даму стратегиясын құру процесстерін анықтау және нақты стратегиялар негізінде сипаттау.
- Қазақстан Республикасындағы цемент кәсіпорындарының маркетингтік даму стратегияларына талдау жүргізу.
- «Cement plus m» компаниясының маркетингтік даму стратегиясының құрылымына бағалау.
- Цемент кәсіпорындарының маркетингтік даму стратегиясын талдау нәтижелері бойынша жетілдіру жолдарын ұсыну.
- «Cement plus m» компаниясының даму стратегиясын жүзеге асырудағы негізгі құралдарының бірі ретіндегі интернет-жарнаманы дамыту жолын ұсыну.
Тәжірибелік жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін фирманың маркетингтік даму стратегиясын жетілдіру мәселелері бойынша ғалымдардың еңбектері, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпараттар, интернет көзіндегі ақпараттар, сайт жасайтын кәсіпорындардың жеке сайтынан алынған мәліметтер, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтерінің жылдық есептемелік кұжаттары қолданылды.
...