Егер мен мұғалім болсам
Автор: Меруерт Баимбетова • Октябрь 12, 2019 • Эссе • 338 Слов (2 Страниц) • 7,870 Просмотры
Егер мен мұғалім болсам ...
Мен Атакуллаева Фатима Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің 4 курс студентімін. Мұғалім тек пән мұғалімінің қызметін атқарып қана қоймай, бос уақытында оқушыларға әр түрлі тақырыпта ашық сабақ, тәрбие сағатын, ойындар өткізіп тұру керек деп ойлаймын. Сонда оқушылардың оқуға деген ынтасы арта түседі. Бастауыш пәнінің мұғалімінің қызметі басқа пән мұғаліміне қарағанда өте күрделі. Сол үшін үлгілі мұғалім болу үшін жоғарыдағы жоспар бойынша жұмыс жүргізу керек деп ойлаймын.
Егер мен мұғалім болсам, жас ұрпақты саналы білімді азамат етіп тәрбиелейтін едім. «Ұстаз» осы бір сөзде қаншама мағына жатыр. Ұстазды екінші анам деп білемін. Жазушыда, спортшыда ұстаздан тәлім-тәрбие алған. Өзімнің алғашқы ұстазыма өте қатты қызығамын. Ол кісі бізге оқуды, жазуды үйретті.
Мен балаларға қарым–қатынасты, орынды талап қоюшылықты, жылылық пен қамқоршылықты, адамгершілікті үйретер едім.
Психологтардың пікірінше білімді нәтижелі меңгерту оқушылардың негізгі мақсатты түсінуі және қызығушылығы танытуына үлкен ықпалын жасайды. Сондықтан мақсат айқын болу керек. Мен алда мұғалім болсам, көбінесе шынайы көрнекіліктерді қолдануға тырысамын. Егер бала тақырыпты оқып, естіп қана қоймай қолмен ұстап, көзбен көре білсе есінде ұзақ сақталып қалады. Сабақ соңында әр оқушы өтілген сабаққа өздерінің пікірін білдіріп отырады. Сонда менің өткен сабағыма ең әділ бағаны баланың өзі береді.
Оқушыларды сыныпта, сабақ үстінде қалай отырғызуға, жазу жазғанда немесе кітап оқығанда көзбен кітаптың арақашықтығы қанша см болу керек екендігін түсіндіру. Егер түзу кеудеңді көтеріп отырсаң сымбатты, сұлу оқушы болуын түсіндіреді.
Сабақ үстінде сергіту ойындарын өткіземін. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері сабақ және тәрбие жұмысының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламаларды және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Өйткені оқушылар 45мин-қа отыра алмайды , сабырсыз болады. Мұғалім тек пән мұғалімінің қызметін атқарып қана қоймай бос уақытында оқушыларға әр түрлі тақырыпта ашық сабақ, ойындар өткізіп тұру керек. Сонда оқушылардың оқуға деген ынтасы, қызығушылығы арта түседі деп сенмін.
...