Деңгейлік курс жайында ой толғау
Автор: tikosha84 • Октябрь 4, 2018 • Эссе • 457 Слов (2 Страниц) • 1,058 Просмотры
Деңгейлік курс жайында ой толғау
Білім мен оқу егіз қозыдай бірге жүреді. Демек, «Оқу – инемен құдық қазғандай» деп айтпақшы, ол үздіксіз, шегі жоқ өзіндік бір үдеріс. Сондықтан да заман талабына сай, білім ордаларыда да үздіксіз даму, жаңалық енгізу, жаңаша өмір сүруге, жаңаша білім алуға үйрету қалыпты жағдай. Шетелдік атақты ғалым Сократ «Мен білемін, мен ештеңе білмейтінімді» деген екен, яғни әрдайым білім мен оқудың түбіне жетпейсіз, ол әр кез өзгеріске ұшырап даму үстінде жүретіндігін мегзейді.
Курс барысында менің санама түйгенім негізгі мақсат оқушылармен топтық және жекелеме жұмыс жасау арқылы өз ойын негізігі мәселені талдау барысында ортаға салып, басқаның ойын тыңдап бірлесе отырып бір мәмлеге келетін саналы тұлға дайындау. Аталған курстың негізгі мақсаты болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп дайындауға үйрету. Сонымен қатар пәнге байланысты ағылшын тілін меңгерудің бірден бір тиімді әдісі. Топтық жұмыс барысында оқушылар арасындағы ынтымақтастық, жанашырлық, басқарушылық, сыйластық, жауапкершілік, қызығушылық, ынталану, бірін-бірі қолдау байқалды. Тәжірибе барысында сабақтарымда топпен өткізу кезінде, әр күн өткен сайын сабағымнан тек қана ләззат алдым. Күнделікті сабаққа дайындаған жоспарымда курс бойы өткен жеті модульді қамтуға тырыстым. Оқушылардың сабаққа деген құштарлығы, қызығушылығы күннен күнге арта түсті. Әр сабақтың соңында жазған рефлексиялардың арқасында мен өз сабағымды оқушылардың қаншалықты бағалағандығын көріп жүрдім.
Жалпы мектепте өткен тәжірибе барысында менің байқағаным, ол сабақтар оқушыларға қатты әсер берді. Себебі, әр оқушыда өзіндік ойы, пікірі пайда болып, олар бойындағы жауапкершілікті сезінді. Әр берілген тапсырманы өте салмақты қабылдап, тапсырмаларды сапалы орындауға тырысты. Оқушылар сабақ барысында өздерін керекті тұлға екендігін түсініп, талданған мәселенің түйінің алып шығуға талпыныс білдірді.
Сыныпта Қуат Амина деген оқушы белсенділігі төмен, үй жұмысын жүйелі орындамайтын, сабаққа өз бетімен қатыспайтын оқушы еді. Ал, осы жоба барысында Амина ашылып, топтық жұмыстағы рөлге бөліну, ол міндеттерді жауапкершілікпен атқаруды мойнына алды. Осы әдістің арқасында Амина күрт өзгерді, яғни ол өз пікірін достарымен бөлісіп, сабақта белсенділік танытып, күннен күнге ұялмай топтық жұмыстарға белсенді қатыса бастады. Сонымен қатар, Бизақова Саяжан және Тлеуғали Мадина деген нашар оқитын оқушылардың ата-аналары қыздарының менің сабағымды асыға күтіп, қызығушылықпен дайындалып жүргенін айтып, таң қалды.
...