Біз-тәуелсіз елміз
Автор: HozhabaevaM04 • Февраль 14, 2023 • Доклад • 761 Слов (4 Страниц) • 179 Просмотры
Іс – шараның тақырыбы:
“Біз-тәуелсіз елміз”
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсаты:
А) Ақпараттық
В) Каммуникативтік
С) Проблеманы шешу
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың алған ақпаратты мен өз ойларын ортаға салып, пікір алмасуға, өз ойын айтуға үйрету, дағдыландыру.
Оқушылардың алған білімін одан ірі дамыту, алған ақпараттарын практика жүзінде қолдана білуге үйрету.
Іс - шараның типі:
Жаңа материалды хабарлау
Іс- шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Педагогикалық қарым- қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру, патриоттық сезім ояту.
Іс - шараның әдісі:
Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдіс: көрнекілік.
Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдіс: түсіндімелі – иллюстративті, эвристикалық.
Пәнаралық байланыс:
Тарих, қазақ тілі, қоғамтану.
Оқыту құралдары:
Қазақстан Республикасының рәміздері,фото-суреттер, перне-тақта, слайд.
Сабақтың барысы
Оқытушының қызметі
Оқушының қызметі
Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі
-Сәлеметсіздер ме,оқушылар?
-Бүгін сабақта кім жоқ?
Оқушылар амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды баяндайды.
Іс – шарада күтілетіні тыныш отыру.
ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару.
III. Жаңа материалды түсіндіру
1986 жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппа толқу басталды. Жастар алаңға жиналып, “Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған”, “Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын”, “Тәуелсіздік керек”,- деп ұрандар айтады. Сол кезде жастарды жауынгерлер күштеп қоршап алады. Оларды қатаң түрде жазалап, жалған кінәге тағалайды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалады, оқу орнынан шығарылады. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
...