Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Біз бейбітшілік үшін

Автор:   •  Октябрь 28, 2018  •  Творческая работа  •  652 Слов (3 Страниц)  •  655 Просмотры

Страница 1 из 3

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған

«Біз бейбітшілік үшін!»

Байқау аты : «Біз бейбітшілік үшін!»

шығарма тақырыбы : Бәрі де бейбітшілік үшін

Бәрі де бейбітшілік үшін

Кез-келген мемлекет, барлық адамзат атаулы өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды.Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес.Өткен тарихымызға үңілсек, қазақ халқының жер бетінде ұлт ретінде жойылып кету қаупі неше дүркін қайталанды.Десекте, бір жеңнен қол шығарып, еліміз бен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап, қазақ батыр ата-апаларымыз ерен ерліктер көрсетті. Осы ата-апалармыздың арқасында бүгінгі күні тәуелсіздікте өмір сүріп жатырмыз.Аспанымыз ашық күн күлімдеп нұрлы шуағын шашып, әр бала жылулыққа толы үйлерінде еш алаңсыз өмір сүруде.Бұл бағалы, құндылықтар мен байлығымыз оңай келген жоқ.Қаншама қан төгіліп, ағайындарымыз бас сауғалап қашып, далада қарусыз,еш жазығы жоқ балалардың көз жасы көл болып, жетім қалып жылаған ащы дауыстар аз болған жоқ.

          1941 жылы 22маусымда Фашистік Германия тұтқиылдан  Кеңес Одағы жеріне басып кірді. Барбаросса жоспары арқылы Кеңес өкіметі құрамын өздеріне толықтай бағындыру болды. Өздерінің құрған жоспарына сенімді болу себебі КСРО-ны көп ұлтты жасанды тұрақсыз бірлестігі,ішкі бірлестіктен жұрдай этностық конгломерат деп есептеді. Жоспар бойынша барлау мектебін құрып, болашақтағы «Үлкен Түркістан» картасын әзірледі. Оған Қазақстан, Орта Азия,Татарстан,Башқұртстан,Әзірбайжан,Солтүстік Кавказ,Қырым,Шыңжан,Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Бір сөзбен қорытындылағанда бұл өңірлерде Герман империясы қуатты шикізат және азық-түлік базасын құруды көздеді. Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халқын құлдыққа түсіру-гитлершілдердің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы алғашқы басты қадамдарының бірі бірегейі болды.

1941 жыл өз отанын қорғауға қаншама жандар соғысқа аттанды. 1941-1945 жылдар аралығында талай өзгерістер орын  алды. Әрине, бізге ол жайттың бәрі аңыз әңгіме, ертегі ретінде көрінеді. Себебі тыныштықта, сол кездегі жандардың армандап кеткен еркін күнінде дүниеге келдік. Алайда, сол еркіндік жолында тек қана қазақ азаматтары ғана емес сонымен қатар жан жақтан келген ұлт өкілдеріде зардап шекті. Қаншама қандар мен жастар төгілді. Осы жылдар ішінде өзінің қайсарлығымен, озық ойымен, күш-қуатымен көзге түскен қазақ батырларын ешқашанда ұмытпаймыз. Өзім Бауыржан Момышұлының ерліктерін оқып білгенде таң қалған болатынмын. Соғыс жылдарынан кейін алып қаруын қаламға айырбастап артынан қанатты сөздермен ұлттық құндылықтар туралы жазбаларын қалдырып кеткен. Тек қана ержүрек батыр емес сонымен қатар жазушы ретінде де танимыз.

...

Скачать:   txt (9 Kb)   pdf (85.2 Kb)   docx (13 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club