Биологияны көптілді сыныпта оқытудың инновациялық әдістерін енгізу
Автор: aiymtorybaktybai • Апрель 18, 2023 • Диссертация • 6,532 Слов (27 Страниц) • 176 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Биологияны көптілді сыныпта оқытудың инновациялық әдістерін енгізу
Орындаған:Бақтыбаева Айымторы Серімқызы
Биология 2-курс магистранты
Ғылыми жетекшісі : Атаева Г.М б.ғ.к ,доцент
Кафедра меңгерушісі ________________________ Адманова Г.Б б.ғ.к
«___» _______________________2022 г.
Актобе қаласы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ ..............................................................................................
1. МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ КӨП МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ....................................................................................................................................
1.1. МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ КӨП МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ...............
1.2 Көптілді сыныптардың сабақты игеру деңгейін анықтау ............................
2. Биология сабағына ағылшын тілін енгізу тиімділігін саралау ........................
2.1 Білім алушыларға ағылшын тілін оңтайлы меңгеруге тиімді әдіс-тәсілдер ......................................................................................................................
2.2. Биологияны көптілді сыныпта оқытудың инновациялық әдістерін енгізу бойынша тәжірибелік зерттеу жұмысының нәтижиесі............................
Қорытынды : .............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...............................................................................
Қосымша ...................................................................................................................
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Педагог-психолог – жеке тұлғаның психикалық күйлеріне, процестеріне, қасиеттеріне диагностикалау, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізе алатын кәсіби маман.
Педагог-психологтың кәсіби білімі – бұл жоғары білім беру жүйесінде оқытушының тікелей басшылығымен және білім алушының ӛздік жұмысы арқылы алынатын білімдердің жиынтығы.
Қүзыреттілік – жеке тұлғаның ӛмірде алған білімі мен тәжірибесін ӛзбетінше қолдана алу.
Кәсіби қҧзыреттілік – тұлғаның кәсіби дамуында белгілі бір ғылым саласы бойынша білімі, ептілігі, дағдысының болуы және оларды тиімді қолдана алу қабілеті.
Болашақ педагог-психологтардың кәсіби қҧзыреттілігі – білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қабілеті.
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби қҧзыреттілігі – пәнін кӛптілді білім беру мәселелеріне бағыттай алуға негіз болатын білімдері, ақпараттық, мәдениаралық қарым-қатынас біліктері, ұлттық және әлемдік жауаптылықты сезіну қабілеттерінен тұратын, кӛптілді азаматты қалыптастыруға дайындығын кӛрсететін олардың кіріктірілген күрделі cапасы.
Көптілділік – әлеуметтік ортада жеке адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін бірнеше тілдік құралдарды пайдалану арқылы қарым-қатынас жасауы.
Көптілді білім беру – білім беру кеңістігінде қоғамның қажеттіліктеріне байланысты оқу жоспарындағы пәндерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде меңгеруді мақсат ететін үдеріс болып табылады.
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби қҧзыреттілігін қалыптастыру – тұлғаның эмоционалды- интеллектуалды дамуын, әлеуметтік-мәдени этикалық мінез-құлық нормалары мен коммуникативтік дағдыларын және психологиялық қолдауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін іс-әрекеттің кешенді құрылымы.
...