А. Байтұрсынов – оқыту әдістемесін негізін қалаушы
Автор: qonan • Октябрь 11, 2022 • Курсовая работа • 7,632 Слов (31 Страниц) • 488 Просмотры
Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Көпсалалы гуманитарлы – техникалық колледжі
Мамандығы: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»
Біліктілігі:
Педагогикалық бөлімі
Бөлімге тіркелген мезгілі __________________________________________
Қорғауға ұсынылған белгісі________________________________________
Қорғауға қойылған баға ___________________________________________
Курстық жоба жұмысы
Пән: Педагогика
Тақырыбы: «А. Байтұрсынов – оқыту әдістемесін негізін қалаушы»
Орындаушы:
Жетекші:
Қарағанды 2021 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ .................................................................................................................... 3
I – Бөлім. А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................ 6
1.1. А. Байтұрсынов мұраларының ғылыми – педагогикалық негіздері..............6
1.2. А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .......................................................................... 9
1.3. А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ........................................................................................................... 19
II – Бөлім А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ........................................................................................................23
2.1. А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................... 23
2.2. А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.............................................................. 29
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................... 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ......................................................... 35
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық- патриот- тық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда. Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған. Бұл істе қазақ ұлтының берекелі бірлігін, көсегелі ел болуын аңсаған, сол жолда күш-жігерін, ақыл-парасатын аямай жұмсаған Алаш қайраткерлері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов сынды ойшыл-оқымысты кайраткерлердің қызметі мен мәдени мұраларын орынды пайдалану аса қажет. Себебі, олар халық мұңын мұндап, ұлттық, халықтық ар-намысты оятуды, қалың елі қазағының басқалармен терезесі тең ел болуын, өнер-білімді еркін игеруін аңсады. Осы ұлы көштің көшбасшысы бола білген Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың басындағы қаранғылық қапас пен надандық ен жайлаған қазақ елінің мүшкіл халіне қабырғасы қайысып:
Қазағым елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың
Канауда жаның
Аш көзіңді оянып,
Қанған жоқ па әлі ұйқың
Ұйықтайтын бар не сиқың - деп ашына ақыл айтып, ой салады.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқаңда
Дедім: "Сен де қатарыңнан қалыспа" -
...