Тоныкөк жыры
Автор: Akzharkynn • Июнь 1, 2021 • Лекция • 2,628 Слов (11 Страниц) • 683 Просмотры
«Тоныкөк жыры»
Талдау:
Ажарлаудың 4 түрі:
Аллитерация – өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстан келіп үндесуі. Дауыссыз, әсіресе қатаң дауыссыз дыбыстар қайталанып, шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді.
1. Бізге бағынып
Белі бүгілген жұрт
Быт-шыты шығып
Бүлінген жұрт.
( 26 бөлім)
2. Қусырып қуырып жібердік.
Қураған шөптің қоқымындай
3. Қасат қарды бұзғандай
Қақ бөлді.
4. Сол жерлерге жеттім.
Сол үшін менің үстіме
Сары алтындарды
Құйып тастады.
5. Қолдарын қусырып
Қолтығымызға тығылды.
6. Суырып жібердік.
Сол жерден қайтардық.
Ассонанс – шумақтың алғашқы дыбыстары бірдей дауысты дыбыстан келіп, ерекше үндес табуы (мазмұнға лайық).
1. Елуі қолға түсті
Емпең қағып
Эпитет - заттың не құбылыстың айырықша сипаты мен сапасын анықтап,ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар.
1. Түрік елі
Сол кезге дейін
Иесіз жатқан
Темір қақпаға,
Тінес ұлы жайлаған
Ақар-шақар тауларға
Жетпеген екен.
.
2. Мен, Білге Тоныкөк,
Сол жерлерге жеттім.
Сол үшін менің үстіме
Сары алтындарды
Құйып тастады.
Ақ күмістерді алдыма
Үйіп тастады.
(27 бөлім)
Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру.
1. Содан кейін-ақ
Жөңкіліп лап қойдық
Желкелерінен шенбелдеп
Бүріп жібердік.
Құмдай етіп
Үгіп жібердік.
2. Ертеңіне тағы келдік
Жауларымыз
Орманға тиген өрттей боп
Лапылдап тұр екен.
(24 бөлім)
3. Сүңгілерімен
Бұлттарды түйреп
Қылыштарымен
Ауаны турап
Жарқылдап тұр екен.
Жауларымыз бізді
Екі орап алардай көп екен.
Тұтасып алған шеп екен.
(24 бөлім)
4. Жаудың шебін
Қасат қарды бұзғандай
Қақ бөлді.
Күйе түскен терідей жырттық.
...