«Музыкалық ринг» зияткерлік ойыны
Автор: Serikbol06 • Январь 18, 2022 • Творческая работа • 267 Слов (2 Страниц) • 457 Просмотры
«Музыкалық ринг» зияткерлік ойыны
Мақсаты: музыка мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін шыңдау; ән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру; Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түрі: танымдық сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, тапсырмалар
Қатысушылар: 6 сынып оқушылары.
Ойын барысы:
Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті бүгінгі сайысқа қатысушы оқушылар! Қарағанды облысы Оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Шеберлер әлеміне саяхат» атты эстетикалық сауаттылық апталығы аясында бүгін «Музыкалық ринг» сайысы өтіп жатыр. Қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа 6 сынып оқушылары қатысып отыр.
Ендеше сайысқа төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен танысыңыздар!
Мектеп психологі Сүлеймен Әсел, көркем еңбек пәні мұғалімі Самен Мерей
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
- Таныстыру /топтың аты, эмблемасы, ұраны/
- «Бәйге»
- Өз өнері
- «Жүйрік болсаң,озып көр»
- Әуенді тап
- БІРІНШІ КЕЗЕҢ. Таныстыру /топтың аты, эмблемасы, ұраны/
Ең жоғары ұпай- 5
- ЕКІНШІ КЕЗЕҢ ” БӘЙГЕ ”. Барлық топ мүшелері қатысады.
Бұл кезеңде сіздердің музыка саласындағы білімдеріңіз сыналады және еліміздің тарихы, мәдениеті жайлы сұрақтар қойылады.
Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай иеленеді; Жауапқа он секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды. - ҮШІІНШІ КЕЗЕҢ. Өз өнері
Қатысушылар еркін тақырыпта өз өнерлерін көрсетеді.
Жоғары ұпай- 5
ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ. «Жүйрік болсаң,озып көр»
Екі топқа ортақ қанатты сөздерінен 1 үзінді беріледі, сіздер оның авторын табуларыңыз керек. Қай топ бірінші болып қолын көтерсе сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріліп отырады.
БЕСІНШІ КЕЗЕҢ. Әуенді тап
...