Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Музыкалық дыбыстар

Автор:   •  Апрель 17, 2018  •  Творческая работа  •  760 Слов (4 Страниц)  •  1,683 Просмотры

Страница 1 из 4

Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті

Ашық сабақ

Тақырыбы: 

«Музыкалық дыбыстар»

                                                     

                                                        Өткізген музыкалық ырғақ педагогі: Хасанов Ж.Н.

Казталовка  2018 жыл

Күні:

ППТК әдіскері:                  Г.А.Гайсина

Күні:

16.02.2018 жыл

Жас аралығы:

8 - 9 жас

Сабақтың түрі:

Топтық

Қатысушы оқушылар:

Набиев Расул, Адиетов Ақжол, Омарғали Асылжан

Сабақтың тақырыбы

«Музыкалық дыбыстар»

Сабақтың мақсаттары

а)Түзете дамыту: Дене мен аяқ бұлшық еттеріне (сермеу, ұмтылу, отырып - тұру, бір орнында жүгіру) арналған жаттығулар  жасату. «Веселая зарядка» биін  билету арқылы ырғақтық қабілетін  дамыту

б)Тәрбиелік: Оқушыларға үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Міндеттер

Психологиялық  дайындық, жұптық жұмыс, дауыс жаттықтыру,ырғақты жаттыулар орындату  сияқты интербелсенді  оқыту әдістері  бойынша  жүргізу

Күтілетін нәтиже

Танымдық үрдісі дамиды, өнерге қызығушылығы артады, кеңестік пен уақытты бағдарлауды меңгереді, ырғақтық  қабілеттері қалыптасады

Сабақта қолданатын әдіс - тәсілдермен көрнекілік құралдар

Психологиялық тренинг, дауыс жаттықтыру, сыни ойлау, аспаптарда ойнау, ән орындау, ырғақты би жаттығулары

Күйсандық, бейнежазбалар,смайликтер

Маман аралық  байланыс

Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, тәрбиеші, логопед, педагог - психолог, дефектолог

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Шаттық шеңбері

Дөңгелене тұрайық
Киіз үйді құрайық
Кереге боп керіліп
Уықтар боп иіліп
Сәлемдесіп алайық. Шаттық шеңберде тұрған оқушылар бір - бірімен және қатысып отырған мұғалімдермен «Сәлем!» деп амандасады

Шаттық шебері

Сабақтың ортасы

8 минут

7 минут

5 минут

Сергіту сәті

5 минут

Жаңа сабақты түсіндіру

  • Оқушылар бүгін біз музыкалық дыбыстар деген тақырыппен танысамыз. Музыкалық дыбыстар деп  -  музыкалық жүйеде нақтылы орны бар, тұрақты биіктіктегі дыбыс. Музыкалық дыбыс музыка мәдениетінің көпғасырлық даму барысында (шу дыбыстардан бөлек) айқындалып, белгілі бір жүйелі қалыпқа түсіп, музыкалық ойды, образды бейнелеуде қолданылатын көркемдік құбылыс. Олардың дыбыс биіктігі, естілу күші, тембрі, ұзақтығы айқын болады. Мектебіміздегі музыкалық дыбыстар шығаратын құрылғылар бар, олар қайсысы? (ямаха, колонка, компьютер) Ал шулы дыбыстар  - көбінесе табиғатта кездеседі, мысалы: жел, найзағай, боран, жауын, ұшақтың ұшуы, машинаның сигналы. Сонымен қатар шулы дыбысты өзіміз шығара аламыз. Соның дәлелі ретінде шулы дыбыс шығарып көрейік. Қанекей, орнымыздан тұрайық: 4 рет аяғымызды еденге соғып, алақанымызбен 4 рет шапалақтайық. Мектепте де шулы дыбыс шығаратын құрал бар. Сіздер білесіздер ме? (қоңырау)

  • Балалар  біздер қандай  ән  болмасын  орындамас бұрын  ең әуелі жаттығу  жасаудан бастаймыз екен. Сол себебті қазірде біз дауысымызды  жаттықтырудан бастаймыз

Жалпы тіл кемістігіне және  әнді дұрыс орындауға  арналған  дауыс пен тыныс алу жаттығулары:

Ми ре до,

Ре ми фа ми.

Соль  ля  си,

Ля соль фа соль.

Соль  ля си до,

Си ля соль фа ми.

Ми ре ми фа соль,

Соль фа ми ре до.

1.Ән үйрену                     «Ақмамам»

Сөзі: Фариза Оңғарсынованікі

Әні: Айжігіт Асановтікі

1.Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым күнім дейтін.

Қ-сы

Ақ мамам, ақ мамам,

Құлыншағым күнім дейтін.

2.Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған.

Ол жанымда жүрсе мен де,

Батырларша батылданам.

2.Ритмикалық гимнастикалық жаттығулар:      

    Айтылған әннің әр жолына, мазмұнға сай қол қимыл, бас қимылдарын жасату  

 «Веселая зарядка» биінің элементтерін үйрету

Мыс: Бастапқы қалып - балалар бір орнында жәй жүгіріспен жүгіріп тұрады. Екінші - қолдарын белдерінде қойып иықтарын алма кезек көтеріп түсіру.Үшінші - иықтарын шеңбер тәрізді айналдыру.Төртінші - қолдарын айналдырып, жоғары көтеріп шапалақтау.Кейін осы жаттығудың элементін кері бағытқа қайталап әуен ырғағына сай бастапқы қалыпқа оралу. Осы жаттығуды кейін басынан бастап қайтадан қайталау

3.Нота сауаттылығы

 Балаларды  синтезатордың пернелерінде орналасқан  ноталарымен таныстырып және сол ноталар арқылы ждингель бэнс әнінің қайырмасын орындатып  үйрету

4.Ойын: «Әуенді тап»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, түрлі жанырдағы әуендерді  ажыратуға үйрету

Шарты: Балалардың біреуі орындыққа отырып дыбыстық белгі болады, екінші бала ойналған әуенді тапса сол баланың басынан нұқып дыбыстық белгі шығартады. Белгіленген уақыт ішінде кім көп әуен тапса сол жеңімпаз атанады 

Интерактивті тақта (слайд)

Электорлы синтезатор

Аудиожазба

Бейнежазба

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты қорытындылау

- Балалар алдымызда қандай мейрамдар келе жатыр ?

- Анамыздың мейрамына қандай сыйлықтар сыйлайсыздар ?

- Ән сіздерге ұнады ма?

- Әнде не туралы айтылған балалар?

Смайликтер

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл - күйді  бас бармақ салынған суреттер  арқылы бағалау

[pic 1]

Сабақ ұнады        Сабаққа түсінбедім    Сабақ ұнамады  [pic 2][pic 3]

Үйге тапсырма:

«Ақ мамам»   сөзін  әнін  және  «Ладошка»  биінің элементтерін қайталап келу

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (138.2 Kb)   docx (54.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club