«Көбелек» психологиялық ойыны
Автор: asselya.v • Сентябрь 29, 2019 • Реферат • 791 Слов (4 Страниц) • 778 Просмотры
Хаттама
I Тақырыбы: «Көбелек» психологиялық ойыны
Күні: 24.05.19
II Зерттеуші: Өмірзақ Әсел
III Сыналушы: 10-11 сынып мектеп оқушылары
IV Сыналушының көңіл-күйі: Қалыпты
V Стимулдық материал: алдын-ала дайындалған қаламдар, әр қатысушыға А4 форматындағы жеке 2 парақтан, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер және релаксацияға арналған музыка.
VI Зерттеу нәтижелері: Оқушылардың берген жауаптары арнайы берілген кілттің көмегімен анықталды. Оқушылар мақсатқа сәйкес басқа адамның ерекшеліктерін түсіну және қабылдау қабілетін дамыту арқылы өздеріне тән ерекшелік сипатын анықтап, ой қорытындылады. «Мен қандаймын ? » деген сұраққа жауап бере отырып, көбелекті сипаттау арқылы өздеріне және қоршаған ортадағы адамдарға тән ерекшеліктерді сипаттап екі баған жазып берді. Жаттығудың міндеттеріне сәйкес оқушылар өзін-өзі тану дағдыларына үйреніп, ойынның ерекше жағдайында тұлғааралық өзара іс-қимыл тәжірибесін ұсынып, коммуникативтік дағдыларды дамытып, бір-бірімен ынтымақтастықтың жаңа формаларын ашып, басқаларды түсіне білуді қалыптастырды.Оқушылар сергіту сәтінде «Егер жәндік болсам,мен болар едім» деген сұраққа жауап беріп, оны сипаттады. Кейін «Көбелек» ертегісі оқылып, оқушылар өз ойларын жазып, айтып жаттығуды түйіндеді.
Кілт : « Мен қандаймын ? » деген сұраққа жауап бере отырып нұсқау бойынша берілген тапсырмалардан кейін 2 баған сипаттамаңызды оқыңыз. Бірінші тізім- сізге тән сипаттың ерекшеліктері, ал екінші баған- сізде және басқа адамдарда да бар сипат.
VII Сыналушының сөздік есебі: «Жұмыс барысы өте қызықты өтті. Және берілген ақпарат өте қызық болды. Жаттығу көңілімізден шықты. Және өзіміз жайлы ертегімен жәндікті сипаттау арқылы біршама ақпарат алдық. Тапсырмаларды орындау қызығушылық тудырды. Орындау ешқандай қиындықтар кездескен жоқ. Нұсқауды тыңдап, бірден орындадық ».
VIII Зерттеушінің бақылауы: Сыналушылар берілген нұсқауды бірден орындап, берілген қағазға көбелекті сипаттады. Жұмыс барысында сыналушылар тарапынан артық сұрақтар қойылмады. Сыналушы нұсқаумен тапсырманы түсініп, орындады.
Есеп беру
I Тақырыбы, күні: «Заңдылықтар әдістемесі» 15.12.17
II Зерттеуші: Өмірзақ Әсел
Сыналушы: Өмірзақ Әсел,19 жаста,жынысы әйел, студент
III Қажетті құрал-жабдықтар: алдын-ала дайындалған сандық қатардан тұратын бланк, секундомер
IV Мақсаты: Сыналушы бойындағы аналитикалық ойлаумен заңдылықтарды анықтауға деген қабілетін және тез ұғып алуын анықтау
V Кіріспе: Ойлау – заттанған объективті шындықтың субъективті тұрғыда санамызда бейнеленуі.
Аналитикалық ойлау– уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында едәуір көрініс табатын ойлау түрі.
Ойлаудың қарапайым формасы — сөз және сөз тіркестері арқылы білдірілетін ұғым. Ұғым қалыптасуының негізгі логикалық тәсілдері:талдау, жинақтау, салыстыру, абстракциялау және жалпылау.Талдау —бұл нәрселерді ойша бөліктерге жіктеу және олардың белгілерін айқындап көрсету. Жинақтау— бұл нәрсенің талдау нәтижесінде алынған белгілерін, бөліктерін ойша біртүтас бүтінге біріктіру.Салыстыру —нәрсенің мәнді, мәнсіз белгілеріне қарай ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау.Абстракциялау— нәрсенің белгілі бір белгілерін ойша баса көрсету және оны басқалардан дерексіздеу.Жалпылау— бірыңғай нәрселерді ойша кейбір класстарға біріктіру.Біздің ойымызды білдіруіміздің күрделі формасы — пайымдау деп аталады. Ойлау қызметіміздің ең күрделі түрі — ой тұжырымы деп аталатын жаңа білім алу формасы.
...