Өмір философиясы
Автор: baian-71 • Март 26, 2018 • Контрольная работа • 4,922 Слов (20 Страниц) • 974 Просмотры
Қобда қазақ орта мектебі
Әбіш Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» әңгімесіндегі көркем детальдің қызметі
Орындаған: Баязит Жеңісгүл
Қобда қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы
Жетекшісі: Омарова Ә.К. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2018жыл
МАЗМҰНЫ
Аннотация................................................................................................3
Кіріспе .....................................................................................................4
Негізгі бөлім
1.Кейіпкерлер бейнесі.............................................................................5
2.Өмір философиясы.............................................................................. 6
2.1. Тасбақаның шөбі ...................................................................... 9
3.Көтерілген мәселелер..........................................................................13
Қорытынды ……………………………………………………...................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………………............21
Аннотация
Ә.Кеілбаевтың «Тасбақаның шөбі» әңгімесі – әрі жақын ағайындас, әрі бала күндерінен бірге өскен құрбылас Қарабала мен Оңбайдың мінез-құлқын, кісілік қасиеттерін салыстыра отырып, үлкен ой түйетін ерекше туындысы.
Шындығына келсек, бұл әңгіме оқуға жеңіл.Жай ғана оқып шықсаң кейіпкер тасбақаның аузындағы шөпті кездестіреді. Қазақы нанымға байланысты сол адамның қалауы болады екен. Жазушы өз кейіпкерлерінің характерін белгілі бір қоғамдық ортада және адамдармен қарым-қатынаста, қайшылықта, қақтығыс үстінде де ұштай түседі. Сөйтіп, олардың өмір тәртібін, мінез құлқын, қоғам мен өмірлік құбылыстарға деген көзқарасын айқындап, басқаларға ұқсамайтын тұлғалар сомдайды. Сол тұлғалардың іс-әрекеті арқылы қоғамдық, өмірлік, тұрмыстық мән-маңызы бар өткір проблемалар көтереді.
Осы ойымыздың бір көрінісін автордың «Тасбақаның шөбі» деп аталатын шағын әңгімесінен де көреміз. Ой мен сезімнің мөлдірлігі, сананың кемелдігі, адам баласына бауырым, жақыным деп іш тарта қарайтын адамгершілік қасиет те жазушы кейіпкерлерінің көпшілігіне тән. Алайда «Тасбақаның шөбі» әңгімесінде жазушы өзі көтеріп отырған көкейтесті мәселені әңгіменің қаһармандары Қарабала мен Оңбайдың бейнелері арқылы әдемі ашқан.
Зерттеу жұмысы басты төрт бөлімнен тұрады: 1.Кейіпкерлер бейнесі 2.Өмір философиясы 3. Тасбақаның шөбі 4.Көтерілген мәселелер
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Әбіш Кекілбаевтың әңгіменің құндылығын, әсерлілігін оқиға қызықтылығына емес, адам іс-әрекетінің шынайылығын және сол шынайылықты көрсетуде көркем детальді шебер пайдаланғанын дәлелдеу. Бұл ретте Әбіш Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» атты әңгімесінде осы тасбақаның аузындағы шөп-кейіпкер характерін ашып, болмысын таныту үшін орнымен тауып қолданылған ұтымды да басты деталь.
Осы мақсатқа сай мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
- Ә.Кекілбаевтың әңгімесіне шолу жасау;
- Кейіпкерлер әрекеті арқылы олардың бейнесін ашу.
- Әр түрлі детальдарын іріктей отырып тәрбиелік мәнін пайымдау;
Ұсыныс: «Тасбақаның шөбі» әңгімесі бастауыш сынып бағдарламасына енгізетін емес,жаңа өмірге қадам басып жатқан жоғары сынып бағдарламасына енгізетін әңгіме екендігі, бұл шығарма өмірде адамның дұрыс жол таңдауына көмектесетін тәрбиелік мәні зор шығарма.
...